9 ЦМК 1 Алдағы өткен күн бойынша Апаттар медицинасы орталығының трассалық – медициналық құтқару пунктісінің күшімен шақыртуларға шығулар саны – төртеу болып, 5 адам құтқарылған: оның үшеуіне медициналық көмек көрсетілген, екеуі емдеу мекемесіне госпитализацияланған.
9 ЦМК 2 2 шақыртуға шығу: яғни Жамбыл облысындағы «Шығанақ» ТМҚП-мен және Батыс Қазақстан облысындағы «Чапаево» ТМҚП-термен жолдағы автокөліктердің сынуына байланысты жүзеге асырылған. Зардап шеккен екі адам медициналық-құтқару бригадасының күштерімен автокөлік сынып қалған жерден жақын маңдағы жылыну пунктісіне эвакуацияланған.
9 ЦМК 3 Ал «Қызыләскер» ТМҚП, нәтижесінде 1 адам зардап шеккен жол-көлік апатына (жаяу жүрушіні соғып кету орын алған) көмек көрсетуге шыққан.
Сол күні Қарағанды облысындағы «Молодежное» трассалық медициналық-құтқару пунктісінің диспетчеріне Молодежный ауылындағы 103 кезекшілік қызметінен жол-көлік апатының орын алғандығы жайлы қоңырау келіп түсті.
Қоңырауды қабылдағаннан соң, 8 минут өткен сәтте трассалық пункттің бригадасы жол-көлік апаты орын алған жерде болған.
«Қызылорда - Павлодар» трассасының 1060-шы шақырымында екі жеңіл автокөліктің соқтығысуы нәтижесінде үш адам қаза тауып, ал қалған үшеуі ауырлығы орташа дәрежелі жарақат алған.
ТМҚП-нің қызметкерлері қоңырауды қабылдағаннан соң, 12 минут өткенде медициналық-құтқару жұмыстарына кіріскен. Барлық зардап шеккен 3 адамға шұғыл медициналық көмек көрсетіп, содан соң Молодежный ауылындағы Орталық аудандық ауруханасына зардап шеккендерді госпитализациялаған.
ТМҚП-нің құтқарушыларының көмегімен қаза болған адамдардың мүрдесі машинадан шығарылып, содан кейін қылмыстық полиция қызметкерлеріне тапсырылған.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ