100 1 2018 жылдың 5-6 наурызында Басқару органдары, Азаматтық қорғау қызметтері күштері мен құралдарының көктемгі мерзімдегі төтенше жағдайларды жоюға даярлығы бойынша «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
РКШОЖ-ның штаб басшылығы Өскемен қаласында орналасты.Оқу-жаттығу Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің басқарма органдарын көктемгі кезеңіндегі ТЖ-ға даярлау және қызметтік тапсырмаларды орындау бойынша азаматтық қорғаныс күштерін басқару атты екі кезеңнен құрылды.
Дайындық кезеңінде жеке құрамды дәрі-дәрмекпен, медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді, жеке құраммен көктемгі кезеңдегі су тасқыны даму жағдайында шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету және медициналық аппаратура мен құрал-жабдықтарды пайдалану ерекшеліктері бойынша нұсқаулық-әдістемелік және практикалық сабақтар жүргізілді, автотехниканың техникалық жай-күйі, жанар-жағармай қорлары тексерілді.
16 филиалдың және 40 трассалық медициналық-құтқару пункттерінің күштері мен құралдары функционалды міндеттерді орындау үшін дайындыққа келтірілді.
Филиалдардың алдарына қойған негізгі тапсырмалары:
- жеке құрамдарына уақытымен, дер кезінде хабар беру және жоғары даярлық режимінде жұмыс істеу;
- кезекші-диспетчерлік пунктерінің үйлесімділік қызметін арттыру;
- көктемгі су басу кезеңінде шартты түрде зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуді тәжірибе жүзінде жүзеге асыру және бақылау, оны ұйымдастыру;
- авариялық-құтқару топтарының, денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру бөлімшелері мен мекемелері ұйымдарының оқу-жаттығудағы штаб басқармасымен арадағы өзара қарым- қатынас жоспарын нақтылау.
«Көктем-2018» РКШОЖ-на ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің жалы саны 53 адамнан құралған жеке құрам (43 адам-медицина қызметкері және 10 адам-психологтар) және 16 бірлік техника, яғни барлығы 12 филиал қатысты. Шартты түрде зардап шеккен 51 адамға шұғыл медициналық көмек және 19 шартты түрде зардап шеккен адамға шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, Өскемен қаласында «АМО»ММ-нің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының апаттар медицинасы жасағымен 2 бөлімшіден: қабылдау-сұрыптау бөлімі және реанимациялық-хирургиялық блоктан құралған далалық жылжымалы госпиталі, сонымен қатар Камаз көлігі базасында жылжымалы емдеу-диагностикалық комплексі тұрғызылды.
Құрылымдар көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жою мен алдын-алу әрекеттеріне дайын екендігін көрсетті. Оқу-жаттығу барысында барлық қойылған мақсаттарғарға қол жеткізілді.
100 2 100 2 100 2 100 2 100 2
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ