2018 жылдың 26-шы ақпанында Алматы обылысындағы Алматы-Ташкент күре жолының 103-ші шақырымында ірі көлемдегі жол-көлік апаты болған: қалааралық бағыттағы автобус пен жеңіл көліктің тікелей соқтығысуы нәтижесінде 2 адам қаза тауып және 5-еуі зардап шеккен.
Бұл апаттың орын алғандығы жайлы дабыл «Тарғап» трассалық медициналық-құтқару пунктісінің диспетчеріне Алматы обылысы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының «103» қызметінің кезекшісінен келіп түскен.
Медициналық көмек көрсету және тасымалдау мақсатында «Тарғап» ТМҚП-нің құрамы: 2 фельдшер, құтқарушы және жүргізуші-құтқарушыдан құралған шұғыл әркет ету бригадасы арнайы реанимобильде апатты жағдай орын алған жерге қарай жөнелтілді.
ТМҚП-нің қызметкерлері медициналық-құтқару жұмыстарын шақырту келіп түскеннен кейін 13 миинуттан соң жасай бастады. Барлық 5 зардап шегушіге шұғыл медициналық көмек көрсетіліп,Ұзынағаш ауылындағы Орталық аудан ауруханасына жатқызылды.
ТМҚП-нің құтқарушыларымен қайтыс болған екі адамның денесі қиранды машиналардың арасынан алынып және криминальді полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицина орталығы» ММ
Алматы қаласы бойынша филиалы