Көмірқышқыл газбен уланудың соңы аянышты және көбінесе адам өліміне дейін алып келуі мүмкін. Бұның себебі, көмірқышқыл газы (көміртектің монооксиді) өте уытты және де тым қысқа уақыттың аралығында ағзаға өте ауыр зиянын тигізеді.
Уланудың себептері және улануға қарсы алдын-алу шаралары
Көмірқышқыл газының иісі, дәмі болмаса да, ол неше түрлі аралықтардан, қабырғалардан, топырақтан да кіріп кететін қасиетке ие, сонымен қатар борпылдақ құрылымнан тұратын материалдармен жұтылмағандықтан, газға қарсы каска кисе де адамға қауіп төндіреді. Әдетте улану заттекті қолдану барысында қауіпсіздік техникасының ережерелері сақталмағандықтан болады.
Уланудың себептері:
• пешті дұрыс соқпау және пештің және газбен жылытқыш құрылғылардың істен шығуы;
• көліктің қозғалтқышы қосулы болып, ауа алмаспайтын жабық жерде уақыт өткізуі;
• тыныс алу аппаратындағы сапасыз, лас ауа;
• кальян тарту;
• өрт;
• тұншықтырғыш газды синтездеу үшін қолданатын өндірістің аймағында болу;
• жеткілікті ауа айналымы жоқ газдалған мекемеде болу.
Жоғарыда көрсетілген себептер, жеңіл улануға тіпті адам өліміне дейін алып келуі мүмкін. Сол себепті қауіпсіздік шараларын қолдану өте маңызды.
Мысалы:
• газды құрылғыларды өздігінен жөндемеу;
• желдеткіш құрылғылардың өз жұмысын атқарып тұрғанын үнемі тексеріп қадағалап отыру;
• желдеткіш құрылғыларды өз бетінше жөндемеу;
• газды құрылғылардың жұмыс атқарып тұрғанын ара-арасында тексеріп отыру;
• пәтерді (үйді) үнемі желдетіп отыру;
• қосулы тұрған газды бағанасы бар бөлмеде отырмау;
• газды пешпен немесе тұмшапешпен(духовка) бөлмені жылытпау;
• бір уақытта газды пештің барлық конфоркаларын қоспау;
• пештің бүтін екенін қолданбастан бұрын тексеру;
• жану бітпестен, пешті түні бойына қараусыз тастап кету;
• жабық көлікжайдың(гараж) ішінде, қозғалтқышы қосулы көлікті жөндемеу.
Тұншықтырғыш газбен уланудың белгілері
Көмірқышқылдың монооксиды оттегінің тіндерге баруына кедергі жасайды, сонымен қатар ол ОЖЖ(орталық жүйке жүйесі) жұмысына, жүрекке және сүйек бұлшық еттеріне жаман әсер етеді.
Зақымданған жүйеге байланысты мынандай белгілерге бөлінеді:
ОЖЖ-ің жеңіл, орташа деңгейде зақымдалуынан, бас пен буындар аурады, құлақта шуыл болады, бас айналып, көздің алдыңда шіркейлер пайда болады. Көздің көруі, құлақтың естуі нашарлайды. Көздердің қарашықтары кішірейіп сана шатасады. Оған қоса қозғалыс координациясы бұзылып, адам есеңгірей бастайды. Ал ауыр деңгейде есеңгіреу жиірек болады, түйілістер, сандырақтау немесе елестеулер, бақылаусыз несеп ағады немесе нәжіс шығады. Кей жағдайда тұншықтырғыш газбен уланудың ауыр деңгейі комаға әкеліп соғады.
Жүрек-қан тамырлар жүйесі бұзылған кезде, жеңіл және орташа деңгейдегі улану тамыр соғуын жиілетеді, жүректің аймағы шаншып ауырып жатқандай сезімдер пайда болады.
Ауыр деңгейде уланған жағдайда тамыр соғысы 130-ға немесе одан жоғары көрсеткішке барады. Алайда оны сезіну мүмкін емес. Және адамда кенеттен жүрек бұлшықетінің инфарктісі болуы әбден мүмкін.
Ағзаға өте қатты оттегінің жетіспеу әсерінен тыныс алу жүйесінің қызмет атқаруы бұзылады. Жеңіл және орташа дейгейде уланған кезде – демалу жиілейді және демікпе пайда болады. Ауыр деңгейде тыныс алудың кідірмелі әрі үстірт екенін байқауға болады.
Терінің жабынында және шырышты қабықта қатты өзгерістер байқалмайды. Жеңіл және орташа дейгейдегі улануда шырышты қабықтың алқызыл, қызыл түске айналғанын байқауға болады, ал ауыр дейгейде шырышты қабық пен тері көгереді.
Сонымен қоса басты белгілерден тыс, улану өзіндік қасиеттері бар сан алуан түрде өтуі мүмкін.
Оларға:
Талмалы – артериялық қысым кенеттен түсуі және естен тану.
Эйфориялық – жылдам психомоторлы қозу, сынның төмендеуі, уақытта және мекенде бағдарлаудан айырылу, галлюцинация және сандырақтау басталады.
Аяқасты – тұншықтырғыш газдың ауадағы көлемі 1,2% болса, бұл тікелей адам өліміне апарады.
Түрлі белгілердің бар болуына қарамастан, көмірқышқыл монооксидымен уланудың ерте және кеш зардаптары бар.
Ерте зардабы – уланудан кейін алғашқы 2 тәулікте байқалады және :
• бас ауруының өршігуі мен бастың айналуы
• белсенді қозғалыстың бұзылуы
• аяқ-қолдың сезімталдығының жоғалуы
• қуық пен гастроинтестинальды ішек жолдарындағы кідірісі
• көрудің нашарлауы, құлақтың естімеуі
• мидың ісінуі
• өкпелердің уытты ісінуі
• жүрек соғысының бұзылуы
• жүректің тоқтауы және өліммен аяқталады.
Кеш зардаптары 2-40 тәуліктен кейін байқалады және :
• есте сақтау қабілетінің жоғалуы
• жындану
• ақыл-ой қабілетінің нашарлауы
• зағиптық
• белсенді қозғалыстың бұзылуы
• сал
• паркинсон ауруының белгілері пайда болуы
• жамбас сүйек аймағындағы ағзалардың қабілеттілігің бұзылуы
• жүректің ұстамалы ауруы
• жүрек демікпесі
• жүрек бұлшықетінің инфарктісі
• өкпенің екпінді қағынуымен жалғасады.
Адамды уланудан қорғау үшін және уланудан кейінгі зардаптарды азайту үшін тек уланудың алдын-алу жеткіліксіз. Сол себепті улану туралы ақпаратты жүзеге асырылмаған жағдайда қажетті көмек көрсете білу қажет.
Көмірқышқыл газымен уланған жағдайдағы алғашқы көмек.
Дәрігерге дейінгі көмек – уланған адамды газды бөлмеден шығару, улағыш газды бөлмеден кетіру, және өміріне маңызды ағзалардың жұмыс атқаруын қалыпқа келтіруді меңзейді.
Алғашқы көмек көрсетіп жатқан адам, өзі уланып қалудан сақтануы қажет. Уланған адам басқа зардап шеккенге көмектесе алмайды. Ең дұрысы газқағар киіп, содан кейін тұншықтырғыш газға толы бөлмеге кіріп уланған адамға көмектесу қажет.
1. Көмірқышқыл газы шоғырланған жерден зақымданған адамды алып не болмаса көтеріп шығару керек. Бұл алғашқы көмек көрсетердегі өте маңызды іс. Себебі әрбір тұгшықтырғыш газ толы бөлмеде дем алған сайын ағзада патологиялық өзгерістер пайда бола бастайды.
2. Уланған адам қандай жағдайда болмасын тез арада жедел-жәрдем шақырту қажет. Тіпті күліп-ойнап тұрғанның өзінде де. Себебі бұл адамның саулығының көрсеткіші емес, керісінше тұншықтырғыш газдың орталық жүйке жүйесіне беріп жатқан әсерінен.
3. Жеңіл деңгейде уланған адамға қант қосып қою шай беру керек. Жылынып, біраз дамылуы уланған адамға көмегін тигізеді.
4. Естен танып немесе есі адасып жатқанды тегіс жерге қырымен жатқызып жағасын, белбеуін шешіп, таза ауа жұттыру қажет. Мақтаға мүсәтір спиртін тамызып адамның мұрнынан 1 см алшақ ұстап иіскету керек.
5. Жүрегі тоқтап немесе жүрек қағысы әлсіз адамды қолдан дем алдырып, кеудесін, жүрек тұсын уқалау керек.
Жоғарыда көрсетілген амалдары жасап біткен соң, жедел-жәрдемнің келгенін күту қажет. Мамандар керек болған жағдайда - реанимациялық, симптоматикалық емдеу іс-шараларын жасайды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицина орталығы» ММ
Қарағанды облысы бойынша филиалының
ШМККБ-нің дәрігері Шегай Е.Б.