33 CMK konkurs 1 2018 жылдың 15-ші ақпанында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар Департаменті кезекшілік – диспетчерлік қызметі қызметкерлерінің білімдері мен кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатымен «Кезекшілік – диспетчерлік қызметтің ең үздік қызметкері» атағына ие болу үшін сайыс өткізілді.
33 CMK konkurs 2 Сайыс екі бөлімнен құралды: теориялық және тәжірибелік бөлім. Теориялық бөлімі тестілеу түрінде өткізіліп, мұнда қызметкерлердің ҚР-ның заңдарын қаншалықты білетіні тексерілді. Тәжірибелік бөлімі төтенше жағдайларды жан-жақты жою бойынша шешім қабылдау, қызметкерлердің сол сәттегі іс-әрекеті, өзара іс-әрекет етуді ұйымдастыруы бойынша оқу-жаттығу түрінде өткізілді.
Ең үздік атану құқығына ие болу үшін Департаменттің ведомствалық және құрылымдық бөлімшелерінен 25 қызметкер осы сайысқа қатысты.
Сайыстың қортындысы бойынша Апаттар медицинасы орталығының Ақтөбе облысы бойынша филиалының фельдшері Ж.Б Романенко сайысқа белсенді түрде ат слысып қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ