22 CMK Zeml 1 Әлемде қайғылы оқиғалар жыл сайын жиілеп барады. Сұрапыл зілзалалар мен техногендік апаттар саны өсуде. Мұның барлығы жаңалықтарды көруші қарапайым көрерменінің қатты қобалжуын тудырады. Сонда төтенше жағдайға тікелей тап болған адамдар туралы не айтуға болады? Қайта өмірдегі ең төзбестік сәттерді өткеруге көмек беретін қарапайым адамдардың психолог-мамандардың бар екені қандай жақсы. Өмірдің енді ешқандай мәні жоқ сияқты сәттерінде...
Жағдайдан соң бірден психологиялық көмек алған зардап шегушілер депрессияға және басқа да психикалық асқынуларға айтарлықтай азырақ ұшырайтыны белгілі. Осылайша, жуырдағы автомобиль апаты мен өрт болған кезде зардап шегушілерге ТЖ психологымен жұмыс жасалған сәтте өздерін сәл жеңілірек сезді. Маманның негізгі міндеті адамға жылулық мен қорғаныс жағдайларын туғызу болып табылады. Зардап шегуші басынан өткен өзінің барлық күйзелістері мен үрейлері туралы ашық айта алады. Сөгушіліксіз, мінеушіліксіз, керісінше, эмоциялық қолдап және жанашырлық таныта отырп, психологтың сапалы-жүргізілген жұмысы нәтижесінде зардап шегушілер бірден дерлік қайғылы оқиғадан «алшақтайды» және бұның барлығы бөтен адамның басынан өткендей, ол туралы басқаша түрде айта бастайды.
22 CMK Zeml 2 Керісінше, егер адам уақтылы психологиялық көмек алмай және өзінің күйзелісімен жалғыз қалып қойып, тұйықталып қалса, оның салдарлары өте ауыр болуы мүмкін. Алайда, адам өзі ол туралы түк айтқысы келмейтін жағдайлар да болады. Оны жалғыз қалдыру қажет болады. Бастысы, зардап шегуші, егер ол қаласа, - сіздің оның қасында екеніңізді және оған көмек көрсете алуыңызды білген жөн.
Жедел психологиялық көмек – бұл, жағдай талаптарына сәйкес кәсіби әдістер көмегімен, ТЖ нәтижесінде зардап шеккен адам (немесе адамдар тобының) өзекті психологиялық және психофизиологиялық күйлері және оның (олардың) жағымсыз күйзелістерін реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар жүйесі екенін еске салайын.
ТЖ нәтижесінде зардап шеккендермен жұмыс кезінде мамандар қолданатын әдістер ТЖ-дың сипаты мен ауқымдылығына, оқиға мезетінен өткен уақытқа, адамның оған деген реакциясына, психологтың өзінің мінездемесіне, сонымен қатар ұйымдастыру сәттеріне тәуелді.
22 CMK Zeml 3 Әдістердің жалпы тізімі өте үлкен: бұл жедел психологиялық көмек және психологиялық, эмоциялық қолдау және бағыттау (жолдау) және ақпараттандыру, психологиялық және дағдарыстық араласу (интервенция), сондай-ақ жағымсыз әлеуметтік-психологиялық механизмдерді айқындау (психологиялық зақымдану, үрей, қауесет) және оларды басқару (бейтараптандыру). Жұмыс әдістерінің әрқайсысы нені білдіреді? Егжей-тегжейлі қарастырайық:
Қатты күйзелістік реакция кезінде, мысалы, мелшиіп қалу, жылау немесе есірік ұстау кезінде, жедел психологиялық көмек тәсілдері (соның ішінде өз өзіне көмек көрсету де) апаттар медицинасы Орталығының әдістемелік ұсынымдарында сипатталған. Менің іс-тәжірибемде ЖКО кезінде жылау, қорқу және нервоздық діріл реакциялары жиі кездеседі. Қатты күйзелістік реакциясын әлсіретуге бағытталған әрекеттер реакциясына байланысты - әр түрлі.
Психологиялық, эмоцинальді қолдау. Дағдарыстық жағдайларда психологиялық көмектің негізгі әдістерінің бірі. Оның мәні, көңілге қаяу түсіретін оқиғалардан шыдатпас уайымға салынған адам өзін жалғыз сезінбеуінде және айналадағылардан тұйықталып қалмауында болып табылады. Ол үшін зардап шегушінің қасында, оған қауіпсіздікті, қажетті және жеткілікті колдауды қамтамасыз ететін уақытша алып жүруші адам болады. Мұның бәрі адам күйінің жақсаруына, оның жаңа жағдайларға бейімділігін жоғарылатуға бағытталады, суицидтік ойлар мен іс әрекеттерге жол бермеуіне себеп болады.
Мысал ретінде тасқын кезіндегі жағдайды келтіре аламын. Су басу кезінде қолайсыз жағдайларда амалсыздан өмір сүрген жалғыз басты әже өте қатты қиналды. Алғашқы біздің әңгімелеріміз көз жасын төгумен және шағымданумен өтті. Уақыт өте келе қарт әжей жылауын тоқтатты, көбірек сөйлеп, көңілді бола бастады. Тіпті үйді жөндеу туралы ойлана бастады.
Кеңірек мағынада психологиялық қолдаудың құрамына алып жүру және ақпараттандыру енеді. Осылайша, маңызды шешім қабылдау қажетті болған жағдайда, уақыт тапшылығы, ақпараттың жетіспеушілігі немесе қарама –қайшылығы себебінен, адамға бұны орындау қиын болады. Мұндай жағдайда зардап шегушіге жағдайды бағалай алуға, оның қабылдайтын шешімдерінің салдарларын болжай алуға, уақтылы адекватты іс-әрекеттер жасауға көмектесе алатын адам болу қажет. Бұған қоса «Жедел желі» телефонында жұмыс кезінде психологтар бұл әдісті жиі қолданады. Осылайша, мысалы, жарияланған қар құрсауы кезінде кім де кімнің жақындары жолда болған және байланысқа шықпай жатқан кезде, адамдар уайымдайды, алаңдайды және не істерін білмейді. Адам анық ақпаратқа ие болмаған кезде- әрине, ол қатты қобалжиды. Жолдар бойынша, және олардың жақындары дәл қай жерде және не боп жатқандары туралы нақты мәліметтерді алған соң – эмоциялар әлсірейді. Бастапқыда өтінішпен барған кезде адамның қорқыныш, ашу-ыза, үрей сияқты реакциялары өзінің қарқындылығын жоғалтады. Яғни, қажетті ақпаратты алуға байланысты, жағдайға бой ұсыну сезіміне және эмоциялық күйдің тұрақтануына ұласады.
Психологиялық араласу немесе интервенция. Дағдарыстық жағдайлар көбінесе адамнан, пайда болған мәселелерді шұғыл шешуді талап етеді. Бірақ, қиын өмірлік жағдайға көну үшін, қуат пен қорлар жеткіліксіз болуы мүмкін. Психологиялық араласуды (оның ішінде шұғыл түрі де), психологиялық ықпал ету әдістерін, психотерапиялық көзқарастарының тәсілдері мен техникаларын қолдана отырып, жүзеге асыруға болады. Бұл әдістің айрықша ерекшелігі, адамның оң өзгеріске деген өзінің ниеті және психолог-маманмен өзара қарым-қатынасқа дайындығы болып табылады. Мұндай трансформация нұсқасы, адам өртеніп кеткен үйі туралы қапалануды қойып, күрсініп: «Бастысы, барлығы тірі және дендері сау, қалғанын салып алуға да болады» - деп айтуы, болып табылады.
Жедел психологиялық көмектің тағы бір әдісі - дағдарыстық араласу. Бұл зардап шегуші қызметтің бейімді деңгейіне оралуына, қайғылы жағдайдың жағымсыз әсерін төмендетуге, психопатологияның алдын алуға бағытталған шұғыл және жедел психологиялық көмек. Яғни, дағдарыстық интервенция, клиент өзі үшін дағдарыстық жағдайдан шығудың қалаулы және адекватты нұсқасын табу мәселесі бойынша мүмкін болатын жұмысты істеуге бағытталған.
Дағдарыстық араласу және психологиялық интервенцияны, клиенттің жағдайды бақылауға ие болуы, өзінің қорларына жүгінуі мәселесі бірлестіреді.
Төтенше жағдай, кенет болған қасірет кезінде, тек бір ғана психологиялық бағыт аясында жұмыс істеу мүмкін емес. Дағдарыстық жағдайда, тек дәстүрлі психикалық терапияны қолданатын маман, дағдарыстық араласудағы жұмысқа қажетті талаптарға жауап бермейді (бір ғана көзқарас жеткіліксіз болады). Экстренник-маманның әр түрлі бағыттағы аспаптары неғұрлым көп болса, зардап шегушілермен жұмыс жасауда мүмкіндіктері соғұрлым артады. Сонымен бірге ТЖ психолог жұмысының ерекшелігі «психолог-клиент» жүйесіндегі мүлдем басқа қатынастар да болып табылады. Көбінесе жедел психологиялық көмекті қажет ететін адамдар көмек сұрамайды. Психологпен ресми емес қарым-қатынастарда неғұрлым жылулық көп болса, соғұрлым сенім, қатынас орнату мүмкіндігі көп болады. Бірақ мұнда психолог позициясы, жағдайды, клиент күйі мен ұстанымын ескерсе, директивті еместен директивтіге дейін өзгеруі мүмкін.
Жағымсыз әлеуметтік-психологиялық механизмдер ортақтықтағы тұрақсыздық жағдайларында, ақпараттың жетіспеушілігі немесе қарама-қайшылығы кезінде пайда болады. Тұрақсыздық, әсіресе кенет өзгеретін жағдайлар, жаппай үрейді, жалпы жайсыздық күйді, өзінің немесе балаларының болашағына сенімсіздігі т.с.с тудырады. Үрей мен сыбыстарды таратудың алдын алудың жалпы стратегиясы, олардың тууы мен таралуына себеп болатын жағдайларға қарсы әрекет етуде болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген барлық әдістерді психологтар зардап шегушілерге шұғыл психологиялық көмек көрсету жағдайларында қолданады. Психологиялық күйзелісті азайту үшін, бірінші түнге дейін ауыр естеліктерді өшіруге кірісу жеткілікті. Егер қажетті шараларды тез арада қабылдаса, онда аса күйзелістік қынжылу белгілері әдетте әлсірейді немесе 30 күн ішінде қайтады. Егер жұмыс уақтылы және тиімді өткізілсе, онда нәтижеліліктің негізгі көрсеткіші ретінде адамның өмірдің өзгерген жағдайларына бейімділігі, оларды қабылдауы және дағдарыстық жағдай қиындықтарын жеңу үшін қорларының болуы болып табылады.
 
ҚР ІІМ ТЖК
«Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің
ШҚО бойынша филиалының
психологі Логачева Э.С.