32 CMK 1 Оқыс жағдайлар кез-келген жерде: үйде, көшеде, көлік соқтығысуында және жалпы барлық апаттарда пайда болуы мүмкін. Көп жағдайда зардап шегушінің өлімі ауыр жарақат алудан емес, қасынан табылған адамдардың, кейде туыстардың, таныстардың немесе достарының алғашқы медициналық көмек көрсету туралы сауатының болмауынан туындайды. Білімдерінің болмауы мен жеткіліксіздігінің негізгі себебі - немқұрайлық қана емес, оларды бақытсыздық айналып өтеді деген бойларындағы нақты сенімділік болып табылады. Арине сонда да абай болу қажет және жарақат алуды болдырмауға тырысу керек, бірақ егер бақытсыз жағдай орын алып қалса, жедел жәрдем келгенше немесе зардап шегушіні медициналық мекемеге жеткізуге дейін зардап шегушіге өмірін сақтап қалу үшін алғашқы көмек көрсетуді жедел түрде бастау қажет. Сол сепебті әрбір адам алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін білу қажет.
32 CMK 2 Алғашқы медициналық көмек – өздгінен және өзара көмек көрсету барысында жарақат алу орнында орындалатын және де құтқару жұмыстарына ат салысушылармен табельдік және қолдағы бар құралдарды қолдана отырып, жүзеге асырылатын қарапайым медициналық іс-шаралардың кешені.
Алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі мақсаты – зардап шеккен адамның өмірін құтқару, зиян келтіретін фактордың үздіксіз әсер етуін жою және оны жарақат алу аймағынан тез эвакуациялап, алып шығу.
32 CMK 3 Алғашқы медициналық көмек көрсетудің оптимальді мерзімі – жарақат алғанннан соң – 30 минутқа дейін, улану кезінде –10 минутқа дейін. Дем алу тоқтаған кезде бұл уақыт 5 – 7 минутқа дейін азаяды. Уақыт факторының маңыздылығы жарақаттан соң 30 минут ішінде алғашқы медициналық көмек алған адамдарды бұл уақыттан кешіректеу көмек алғандармен салыстырғанда, асқынулар екі есе аз кездесетіндігімен сипатталады.
Осыған орай, «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Қостанай облысы бойынша филиалының мамандары жиі мектеп оқушыларына, ОБМ мен ЖБМ-не және де қарапайым халыққа да зардап шегушілерге шұғыл көмек көрсетуді үйрету бойынша сабақтарды жиі өткізіп тұрады.
32 CMK 4 Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабырғасында 9-сынып оқушыларына арналып дәл осындай сабақ өткізілді. Клиникалық өлім жағдайында шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша реанимациялық іс-шаралар манекендерде көрсетілді, өйткені бұл жағдай орташа есеппен 5 минутқа созылады және мұндай жағдайда бірден реанимациялық іс-шараларды жедел түрде бастау қажет.
Сондай-ақ, оқушыларға қан кетуді тоқтату әдістері түсіндірілді, себебі адам қанның 50% жоғалтатын болса, өлім қаупі туындайтындығы жайлы барша жұртқа белгілі. Сондықтан қан тоқтатуды дереу бастау керек, артериялық қан кетуді тоқтату үшін жгут салу техникасы және де қан кетуді уақытша тоқтату үшін артерияларды қысып басу нүктелері көрсетілді.
Оқушылар шұғыл медициналық көмек көрсетуді білуге қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, реанимациялық іс-шаралар бойынша дағдыларды жасап көруге белсенді түрде ат салысып, өз білімдерін шыңдады. Және де олар егер кенеттен кетіп бара жатқан адам бақытсыз жағдайға душар болса, қасынан жай ғана өтіп қана қоймай, сол зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетеміз деп уәде берді.
 
«АМО» ММ-нің Қостанай облысы бойынша филиалы