33 TMSP 2018 жылдың 9-шы ақпанында Алматы обылысындағы Алматы-Ташкент күре жолының 132-ші шақырымында сағат 00:45 минут өткенде, Алматы-Ташкент бағыты бойынша келе жатқан, 32 жолаушысы, соның оның ішінде 2 баласы бар, халықаралық бағыттағы автобус сынып қалған.
Бұл жағдай туралы хабар «Тарғап» трассалық медициналық-құтқару пунктінің диспетчеріне келіп түскен.
Эвакуациялау мен медициналық көмек көрсету мақсатында, оқиға орынына құрамы: 2-фельдшер, құтқарушы және құтқарушы-жүргізушіден құралған, медициналық құтқару реанимобилінде «Тарғап» ТМҚП-нің шұғыл әрекет ету бригадасы жедел түрде жіберілді.
Барлық жолаушылар тексеруден өткізіліп, салқын тию белгілері, тұмау белгілері, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер анықталмады. Шұғыл медициналық көмек көрсетуді қажет етушілер болмады.
ТМҚП бригадасымен 23 жолаушы, соның ішінде 2-уі бала эвакуацияланып және олар «Авразия» кафесіне тасымалданып жеткізілді.
9 адам Жамбыл облысының ТЖБ қызметкерлерімен эвакуацияланды.
Қазіргі уақытта Алматы облысында облыс аумағынан өтетін барлық республикалық трассалар бойындағы жол-көлік оқиғаларында шұғыл медициналық көмек көрсету үшін 4 трассалық медициналық-құтқару пункті қызмет етеді.
ТМҚП бригадасы қыс мерзімінде де адамдарға көмекке келеді, яғни жолда тұрып қалған көліктердегі адамдарға көмектесіп, жүргізушілер мен жолаушыларды қар борауынан алып шығады және де қажетті медициналық көмек көрсетеді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің
Алматы қаласы бойынша филиалы