IMG 20180126 WA0006 Бүгін,  25 қаңтар 2018 жылы сағат 09-дан  30 минут кеткенде Ақтөбе облысындағы «Қарабұтақ» трассалық медициналық-құтқару пунктінің диспетчеріне жол бойында орналасқан кафедегі келушілердің бірі есінен танып және оған медициналық көмек көрсету қажет екендігі туралы кафеден шақырту келіп түсті.
ТМҚП-нің шұғыл әрекет ету бригадасы  жедел түрде жолға шығып және бірден 3 минуттың ішінде оқиға орнына келді. Келген сәтте: 57 жастағы алыс жолдарға жол жүретін – жүргізуші ер азамат, жол серігімен бірге Камаз автокөлігінде Қостанайдан Қызылордаға жол тартып бара жатқан.
Жолда жүргізушінің мазасы қашып, жақын маңындағы кафеде аялдаған, сол жерде ер адамның жағдайы кенеттен нашарлап кеткен.
Медицина қызметкерлері науқасты қараған сәтте - жағдайы өте ауыр болған, сөйлей алмаған, уақыт пен кеңістікте бағдары болмаған. Алдын-ала бас-ми қан айналымының жедел бұзылуы (инсульт) диагнозы қойылды және тез арада қажетті терапия жасалды. Сол сәтте-ақ науқасқа шұғыл түрде госпитализация қажет болғандықтан ТМҚП-нің фельдшер-диспетчері жақын маңдағы медициналық ұйымға бірден хабарласты.
Ер азамат шұғыл түрде  трассалық пунктінің реанимобилімен 20 минуттың ішінде «Әйтеке би» ауданындағы ауруханаға жеткізілді.
Инсульт кезінде дәрігерлік көмек  бастапқы сағаттарда ғана өте тиімді болатындығын атап өткен жөн. Сондықтан бұл жағдайда алғашқы белгілердің барлығын қалдырмай анықтау және қажетті көмекті уақытылы көрсету өте маңызды болып саналады.
ТМҚП бригадасының жинақы әрі шұғыл түрде  әрекет жасауының арқасында шұғыл медициналық көмек уақытылы көрсетілді.
Қазіргі уақытта ер азамат дәрігерлердің бақылауында, жағдайы тұрақты, өміріне төніп тұрған қауіп-қатер жоқ.
 
И.Есенгалиева
Ақтөбе облысы бойынша
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ
филиалының  ШМКБ-нің басшысы