12 CMK Sobytiya 1 Соңғы 3 күнде Қазақстан кішігірім Арктикаға айналды десек те болады. Аномальді суық ауа-райы республикамыздың көптеген облыстарында сақталды. Мектеп оқушылары мен студенттердің оқытылуы тоқтатылып, республикалық жол тораптары дизельдік отынмен жүретін көліктер үшін жабық деп жарияланды. Қатты аяздың салдарынан көлік трассада қалып қоюы мүмкін және қасында ешкім болмағандықтан жүргізушінің тоңып, үсіп қалу қаупі де бар.
Дәл осындай жағдай Қостанай облысындағы Қостанай-Әулиекөл-Сұрған трассасында орын алды, жол бойында 20 үлкен жүк көлігі тұрып жиналып қалды. Бірнеше күн бойы машинада болған жүргізушілерге медициналық қарауды өткізу үшін Апаттар медицинасы орталығының Қостанай облысы бойынша филиалының бригадасы жіберілді және олардың басты тапсырмалары қажеттілік бойынша зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету болды.
12 CMK Sobytiya 2 Барлық қаралған, алыс жолға шығатын жүргізушілердің ішіндегі – төртеуіне медициналық көмек көрсетілді, оның 2-уі Қырғызстан азаматы, 1-еуі Ресей Федерациясының азаматы және тағы 1-еуі – Қазақстанның азаматы болып шықты.
Кейбіреуінде тонып қалу белгілері, тұмау ауруының симптомдары, температураның жоғарлауы байқалса, ал енді бірінде – стрестік жағдайлардың салдарынан созылмалы ауру пайда болған.
Барлық көмекті қажет еткендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Жолдың жабық болуына қарамастан, Апаттар медицинасы орталығының трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыссыз қалмағандығын атап өткен жөн. Кейбір азаматтар қойылған шектеуді елемей, халық қоныстанған аймақтан тыс алыс жолға шығып кетеді, көліктер болса күтпеген жерде сынып немесе қатып қалады.
Тек соңғы аязды төрт күннің ішінде трасалық медициналық-құтқару пунттерінің күштерімен 64 адам құтқарылды, оның ішінде бесеуі бала болды. Жолдағы аяз құрсауында қалып қойған барлық жолаушылар мен жүргізушілер арнайы жылыту пункттеріне жеткізілді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ