18 ASR PVLDr 1 Температураның төмендеуіне байланысты республикалық бағыттағы жол торабының бойында орналасқан ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Павлодар облысы бойынша филиалының трассалық медициналық-құтқару пунктінің (ТМҚП) шұғыл әрекет ету бригадасына жұмыс көбейді. Көліктердің барлық бағыттарға жол жүруіне тыйым салынғанына қарамастан, жүргізушілер баса назар аудармастын қорқыныш сезімін ұмытып, өздерінің және де өзгелердің өмірін қауіп-қатерге тігіп жолға шығады.
18 ASR PVLDr 2 2018 жылдың 22-ші қаңтарында сағат 18-ден 15 минут кеткенде «Шідерті» трассалық медициналық-құтқару пунктіне Қызылорда-Павлодар бағытындағы республикалық жол торабында, Бәет ауылының қасында жолшыбай кетіп бара жатқан жүргізушіден автокөлігінің сынып қалғандығы туралы дабыл келіп түсті.Сол жерге келген сәтте, көлікте екі жүргізуші бар екендігі анықталып, зардап шеккендерді жалпы қарау мен көмек көрсетуден соң, оларды «Шідерті» ТМҚП-не жылынулары үшін эвакуациялады.
Дәл сол күні, 22.01.2018ж. сағат 21-ден 08 минут кеткенде СӨБ-14 қызметкерлерінен, Қызылорда-Павлодар бағытындағы республикалық жол торабында, Шиқылдақ ауылының қасында көліктің сынғандығы туралы (дизельдік жанармайдың қатып қалуы) хабарлама келіп түсті. Сол жерге келген сәтте көлікте екі жүргізуші бар екендігі анықталып, зардап шеккендерді жалпы қарау мен көмек көрсетуден соң, оларды «Шідерті» ТМҚП-не жылынулары үшін эвакуациялады.
Төтенше жағдайларға тап болған адамдарға уақыт жоғалтпастан 112 телефон номері бойынша біріңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне хабарласу қажет, сонда ғана оларға мамандандырылған көмек көрсетіледі.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ
Павлодар облысы бойынша филиалының
шұғыл психологиялық көмек көрсету
бойынша тобының психологі Шактаева Г.