09 ACR TMSP 4 Бұл күндері ауа райының өзгеруіне байланысты республикалық авариялық-қауіпті жолдардың бойында Апаттар медицинасы орталығының трассалық медициналық-құтқару пункттері (ТМҚП) күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Олардың басты міндеттері – жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету болып табылады. Бұдан басқа, трассалық пункттер – қар борауында қалған жүргізушілер мен жолаушылар үшін жылыну пункттері ретінде қолданылады.
2017-2018 жылғы қысқы мерзім аралығында трассалық медициналық-құтқару пункттерінің шұғыл әрекет ету бригадасының күшімен қираған автокөліктерден және қар борауынан 176-ға жуық адам эвакуацияланып, оның 13-і бала болды.
Өткен күндері ғана трассалық медициналық-құтқару пункттерінің күштерімен зардап шеккен 59 адам эвакуацияланды.
Ақтөбе облысындағы «Қалыбай» трассалық пунктісінің күштерімен Самара-Шымкент трассасындағы қирап қалған жолаушылар автобусынан 56 адам жылыну пункттеріне эвакуацияланды.
Ал Ақтөбе облысындағы «Қарабұтақ» трассалық пункті жолда қирап қалған көліктегі 1 адамды жылыну пунктісіне эвакуациялады.
Павлодар облысындағы «Шідерті» трасалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері жолда қирап қалған көлікте болған 2 адамды эвакуациялады.
Барлық құтқарылған адамдарды медицина қызметкерлері тексеріп қарап шықты. Зардап шеккендер жоқ: үсу мен қатып қалу болмады.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ