21 қаңтарда қалааралық автобус Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Самара-Шымкент тас жолында техникалық ақаулық салдарынан тоқтап қалды.
Шымкент-Уфа бағытындағы автобуста 53 жолаушы мен 3 жүргізуші болған.
Қирап қалған орын «Қалыбай» күрежол медициналық-құтқару пунктінен 30 шақырым қашықтықта орналасқандықтан, жолаушыларды құтқару үшін сол жерге бригада жіберілді. 20 градус аязға байланысты жағдай ушығып, сол себепті көмек шұғыл түрде қажет болды.
Медициналық-құтқару реанимобилімен үш рет рейс жасалып, 56 адам: бастапқыда күрежол пунктіне, содан соң жақын маңдағы жылыну пунктіне эвакуацияланды. Эвакуацияланған 47 адам Өзбекстан азаматы – олардың арасында әйелдер мен балалар болды, – үшеуі қазақ және алтауы Ресей елінің азаматы.
Естеріңізде салайық, 18 қаңтарда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында жолаушылар автобусы өртке оранып, оқиға орнында 52 адам қаза тапты, өртке оранған автобустан бес жолаушы ғана шығып үлгеріп, оларға осы «Қалыбай» күрежол медициналық-құтқару пунктінің бригадасы медициналық көмек көрсетті.
Қазақстанның күрежол қызметі республикамыздың барлық 14 облысында орналасқан және 50 шақырым жауапкершілік аймағында жұмыс жасайтын қырық күрежол медициналық-құтқару пунктінен құралған.
Қысқы мерзімде КМҚП бригадасы адамдарға көмекке келеді, яғни жолда қалып қойған машиналардағы адамдарға, қар борауынан жүргізушілер мен жолаушыларды алып шығып, қажетті медициналық көмек көрсетеді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ