30 TMSP iTogi 1 2018 жылдың 17-ші қаңтарында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінде территориальдық филиалдардың басшыларымен 2017 жылдың қызмет қортындысы бойынша семинар-жиын өткізілді.
Жиында Апаттар медицинасы орталығының 2017 жылы атқарған медициналық, психологиялық, қаржы-мүліктік, санитарлық-ағарту жұмыстары бойынша өткізілген іс-шаралардың қортындысы талқыланды. Өте өзекті және күнделікті қызметте жиі туындайтын шешілмеген сұрақтар да талқыланды.
30 TMSP iTogi 2 Жиынды бастаған «АМО» ММ-нің басшысы Есқалиев Б.Т. Апаттар медицинасы орталығының негізгі міндеті ТЖ кезінде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету тиімділігін арттыру екендігін атап өтті.
2017 жылғы филиалдардың жұмыс талдауы бірталай жетістіктерге қол жеткізілгендігін көрсетті. Атқарылған жұмыстар келесідей көрсеткіштерді жақсартты: төтенше жағдайларға шығулар саны жоғарлап, трассалық пункт бригадаларымен шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсетудің арқасында жол-көлік апаты нәтижесінде туындайтын өлім-жітім 10,4%-ға дейін азайған.
30 TMSP iTogi 3 Қортынды жасалған соң АМО филиалдары мен трассалық медициналық-құтқару пункттерінің өткен жылдың қызметін бағалау нәтижесі бойынша марапаттау рәсімі өтті.
Жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендіктері үшін АМО-ның грамотасымен марапатталды: I-ші орынға ие болған Астана және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалдары, Қарағанды облысы бойынша филиалы - II орынға, Павлодар облысы бойынша филиалы - III орынға ие болды.
Трассалық медициналық-құтқару пункттері бойынша: ТМҚП «Тортколь» - I орын, ТМҚП «Семей» - II орын, ТМҚП «Привольное» - III орынға ие болды.
Іс-шараның аяқталуы барысында апаттар медицинасы қызметі мен трассалық медицинаны дамыту бойынша 2018-ші жылға қойылған өзекті тапсырмалар, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас пен қызмет бағыты анықталды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ