31 CMK 1 18 қаңтар күні таңғы сағат 9:30-да Ақтөбе облысындағы «Қалыбай» трассалық медициналық-құтқару пунктіне Самара-Шымкент жол бағытындағы, пункттен 8 километр қашықтықтағы жолда автобустың өртке оранғандығы туралы шақырту келіп түсті.
ТЖ орын алған жерге жеткен сәтте: автобус жүргізушісінің айтуынша 57 жолаушы – Өзбекстан Республикасының азаматы, 5 адам өздігінен автобустан құтқарылып шыққан, 52 адам қайтыс болды.
Ақтөбе облысы бойынша «Апаттар медицинасы орталығы» трассалық пунктінің медицина қызметкерлері қол білегінің жарақатын алған екі адамға қажетті медициналық көмек көрсетті.
Төтенше жағдайлар департаментінде облыс әкімі орынбасарының басшылығымен шұғыл штаб құрылды. АМО-ның психологтары шұғыл желі бойынша психологиялық көмек көрсетуде.
31 CMK 2 31 CMK 3
 ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ