28 CMK 2018 жылдың 10-шы қаңтарында ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің қызметкерлері Астана қаласындағы темір жол вокзалында құлау барысында жарақат алған Ресей Федерациясының азаматшасына тасымалдау және медициналық қамтамасыз ету көмегін көрсетті.
Осы уақыт бойы 65 жастағы әйел Травмотология және ортопедия Ғылыми-зерттеу институтында ем қабылдап, онда ол әйелге қажетті медициналық көмек көрсетіліп және шұғыл емдеу жүргізілді.
Жағдайы қалпына келген соң, дәрігерлер консилиумындағы медициналық қортындыға сәйкес зардап шегушіні өз отанына тасымалдауға рұқсат берілді.
Әйелдің туыстары Төтенше жағдайлар комитетіне жүгініп, аэропортқа дейін тасымалдау мүмкіндігін қарастырып көруді сұрады.
Арнайы реанимобильде, құрамы дәрігер, фельдшер және жүргізушіден құралған шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасымен зардап шеккен әйел аэропортқа жеткізіліп және тұрғылықты мекен-жайы бойынша амбулаторлы бақылану үшін Астана-Мәскеу рейсімен өз отанына жіберілді.
Апаттар медицинасы орталығының шекаралас азаматтармен соның ішінде Ресей Федерациясының аудандарымен өзара қарым-қатынас жасауы бірінші жыл емес екендігін атап өткен жөн, және де өзіндік нәтижелер беруде.
2013 жылы, жол-көлік апаты нәтижесінде астанамыздың бір көшесінде, РФ-ның екі азаматы зардап шегіп, жағдайлары тұрақталған соң, АМО-ның күштерімен Астана қаласының аэропортына жеткізіліп және «Қазавиақұтқару» вертолеттік техникасымен, медицина қызметкерлерінің бақылауымен Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясы шекарасына дейін тасымалданды.
28 CMK 2 Сол жылы АМО-ның қызметкерлері Омск аумақтық апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлерімен бірге, Омск облысындағы Ертіс өзеніндегі «Полесье» теплоходының апатқа ұшырауы барысында зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматшасын Омск қаласынан Талдықорған қаласына дейін медициналық қадағалаумен тасымалдауды жүзеге асырды.
2015 жылдың шілдесінде екі бірдей Апаттар медицинасы орталығының күшімен Ресей Федерациясының аумағында жол-көлік апаты нәтижесінде ауыр жарақат алған Қазақстанның азаматшасы Екатеринбург қаласынан Рудный қаласына тасымалданды.
2016 жылы АМО-ның бригадасы Свердлов облысы бойынша Аумақтық апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлерімен бірге, Қостанай облысы аумағындағы Алматы-Екатеринбург трассасында рейстік автобус пен жүк көлігі соқтығысқанда ауыр жарақат алған Ресей Федерациясының азаматшасын Қостанай қаласынан Каменск-Уральский қаласына тасымалдау кезінде медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырды.
Мұндай өзара белсенді түрдегі қарым-қатынас пен ынтымақтастық бір ғана мақсатпен жасалған, ол – біздің және өзге де ел азаматтарының денсаулығы мен өмірін сақтап қалу болып табылады.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ