19 CMK evakuacia 1 Соңғы бірнеше күннің ішінде Қазақстандағы ауа-райы күтпеген сыйға толы боуда. Жаңбыр аралас қар, мұздық жаңбыр, жойқын жел және көктайғақ республикамыздың тұрғындарына көптеген қиыншылықтар әкелуде. ТЖ қызметі мен полиция қызметінің қызметкерлерімен жолдағы көлік қозғалысын шектеуге тура келді. Кейбір халықаралық трассалардағы жол бағыттары жабық. Барлық блокпосттарда жолда қалып қойған көлік иелерін халық қоныстанған аудандарға жеткізетін жол-патрульдік полиция қызметкерлері мен құтқарушылар кезекшілік етуде.
Республикалық автожол торабының авариялық-қауіпті аймақтарында орналасқан ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығының трассалық медициналық-құтқару пунктері (ТМҚП) де күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Олардың негізгі міндеттері - жол-көлік апаты болған жағдайларда зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету болып табылады. Бұдан басқа, трассалық пункттер қар борауында қалған жүргізушілер мен жолаушыларға жылыну пункттері ретінде қолданылады.
ТМҚП күштерімен бүгінде 30-ға жуық адам эвакуацияланды.
19 CMK evakuacia 2 Павлодар облысында «Қалқаман» трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері Қызылорда-Павлодар жол торабымен Павлодардан Екібастұзға кетіп бара жатып, сынып қалған автобустың ішіндегі 20 адамды эвакуациялады және құтқарды.
Ауа-райының қолайсыздығына және жақын маңда халық шоғырланған аймақтың болмауына байланысты, сондай-ақ сыртағы температураның төмен болуына орай жолаушыларды жақын маңдағы жылыну пунктіне эвакуациялау туралы шешім қабылданды.
Ақтөбе облысында «Қалыбай» трассалық пунктінің күшімен Самара-Шымкент жол торабында сынып қалған микроавтобустан 13 адам жол-қызмет көрсету пунктіне эвакуацияланды. Барлық құтқарылған адамдар медицина қызметкерлерімен тексерілді.Зардап шеккендер болмады: соның ішінде тонып қалу мен мұздау болмады.
Қазіргі уақытта Қазақстанның аумағында дәл осындай 40 пункт жұмыс істейді. Олардың ұйымдастырылған жұмысының нәтижесі республикалық жол тораптарындағы жол-көлік апаттарында зардап шеккендерге медициналық және құтқару көмегін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, трассалық пункттердің қызметкерлері жақын маңдағы халықты қабылдап қана қоймай, сонымен қатар жолда өтіп бара жатқан жолаушыларды да қабылдап, кез-келген жағымсыз симптомдарымен күресуге көмектеседі. Жолда тұрып қалған көліктегі адамдарға көмек көрсетуге шығады, қалың қарға батқан жүргізушілер мен жолаушыларды қалың қардан шығарады, қажетті медициналық көмек көрсетеді, босанатын әйелдерді, балаларды қауіпсіз жерге, ауыр науқастарды емдеу мекемелеріне жеткізеді, жолда босандыруды да жүзеге асырады.
2017 жылдың ағымдағы қысқы мерзімінде барлығы трассалық медициналық-құтқару пункттерінің шұғыл әрекет ету бригадасының күштерімен жөндеуге келмей қалған автокөліктен және қар бораунан 100-ге жуық адам, оның ішінде 8-і бала эвакуацияланған.
Азаматтардан абай болуын сұраймыз, ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты әрдайым қадағалап және әсіресе түнгі уақытта кішкентай балаларымен арақашықтығы алыс жолдарға шығу мүмкіндігінен бас тартуға кеңес береміз. Естеріңізде болсын! Сіздің және сіздің балаларыңыздың денсаулығы тек қана өзіңіздің қолыңызда!
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апатттар медицинасы орталығы» ММ