19 CMK DN 1 Ағымдағы жылдың 15-ші желтоқсанында Апаттар медицинасы орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиында Орталық басшысының орынбасары Т.Яровенко, жиынға қатысқан адамдарды келе жатқан мемлекелік мерейтоймен құттықтап, тәуелсіздік жылдары республикамыз бірқатар экономикалық және саяси реформаларды бастан кешіргендігін айтып өтті.
Жылдар бойы егемендікке қол жеткізу барысы А.Н Сызғанов атындағы экспериментальді хирургия Қазақ ғылыми-зерттеу орталығы құрамында болған, жеке мекеме ретінде, республикамыздың барлық облыстарындағы 16 филиалымен, трассалық медицинсының дамуымен және қырық трассалық медициналық – құтқару пунктісі құрылған Апаттар медицинасы орталығының дамуымен сай келді.
19 CMK DN 2 Қазақстан халықаралық және аумақтық ұйымның мүшесі, батыс елдерінің және де дәл солай шығыселдерінің де сенімді серігі болып табылады. Апаттар медицинасы орталығының қатысуынсыз республикамызда бірде-бір іс-шара өткізілмейді. АМО-ның бөлімшелері Республика аумағында мемлекеттік басқару органдары мен ТЖ Комитетімен өткізілетін саяси және мәдени деңгейдегі барлық ірі іс-шараларда медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Атаулы күнге орай, жиын барысында біздің жасарған мемлекетіміздің тәуелсіздікке қол жеткізуімен және одан кейін де қол жеткізген жетістіктері жайлы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 26 жыл» атты тақырыптық баяндама оқылып, сонымен қатар «Қазақстанның жолы: тәуелсіздіктің жазбасы» атты деректі фильмі көрсетілді.
Содан соң салтанатты іс-шара марапаттауға ұласты. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күніне орай III дәрежелі «Құтқарушы» төс белгісімен АМО-ның Қарағанды қаласы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің фельдшері - Овеснепесов Т.Н. марапатталды.
Өз қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін, жұмыс барысында жоғары жетістіктерге қол жеткізгені үшін және де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін атап өтуге орай АМО-ның Алматы қаласы бойынша филиалының мейрбикесі - Ракишева А.А. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мақтау қағазына ие болды.
Барлық әріптестерімізді қол жеткізген наградаларымен құттықтаймыз, барлығына бейбіт өмір және молшылық, төтенше жағдайлар кезінде республикамыздың тұрғындарының денсаулығы мен өмірін сақтап қалу бойынша жаупты тапсырмаларды орындау кезінде тек қана сәттілік тілейміз.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы» ММ