16 ЦМКЗ 1 Ағымдағы жылдың қараша айында ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің 11 психологі ҚАЗМЗУ Басқару, қауіпсіздік және арнайы бағдарламалар базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Өткерген курстардың тақырыбтары: «Қызметкерлер арасындағы тәуелділіктің алдын алу» және ««Динамикалық бақылау тобындағы» қызметкерлерді түзеу мен диагностикалау» бүгінгі күні ТЖК жүйесінің жеке құрамы арасында өзекті болып табылады.
16 ЦМКЗ 2 Оқу барысында діни тәуелділік және оның түрлері; химиялық тәуелділік; мінез-құлық (химиялық емес) аддикациялар атты тақырыптар қарастырылды. Адамдардың мінез-құлығындағы тәуелділіктің негізгі себептері көрсетіліп, соның ішінде жүйелі отбасылық тәсілге байланысты жұмыстың ерекшеліктері мен спецификасы қарастырылды. Секталардың жұмыс механизімі қарастырылды.
Сонымен қатар, курс жүргізушілерімен қызметкерлердің өзекті психологиялық жағдайын анықтаудың проектілік әдіс-тәсілдерінің жиынтығы ұсынылып, мемлекеттік тілге аударуды қажететпейтін және тестілеуге алдын-ала дайындалуға мүмкіндік бермейтін апперцептивті суреті бар тестілерді қолдану әдіс-тәсілдері анықталды.
16 ЦМКЗ 3 Қазіргі таңда, халықтың санасы бойынша, химиялық және мінез-құлық тәуелділігі – жалпы адамзат баласына өте үлкен қауіп төндіретін және де ол кедейлік, қылмыс жасаудың артуы, жұмыссыздық пен қоршаған ортаның ластануынан кейінгі – бесінші орын алатын қорқынышты әлеуметтік қиыншылықтардың бірі болып саналады.
ТЖК қызметкерлерінің арасында, соның ішінде АМО мен ТМҚП жеке құрамының мінез-құлық тәуелділігінің алдын-алу бойынша жасалған табысты жұмыстарға: тереңдетілген психологиялық диагностиканы әзірлеуді, сонымен қатар бірінші кезекте жеке өсу бойынша треннигтер өткізуді, өзін-өзі реттеуді, позитивті ойлау дағдыларын әзірлеуді және де «динамикалық бақылау тобындағы» қызметкерлермен кезеңдік психокоррекциондық жұмыс жасауды жатқызуға болады.
Қазіргі таңда АМО-ның психологтарымен АМО-ның жеке құрамының кәсіби қызметінің тиімділігін арттыру үшін, соның ішінде орталық аппарат пен филиалдар қызметкерлерінің жаңадан алған білімдерін ескере отырып, кәсіби даярлығы форматында, жаңа білімдерді қолдана білу стратегиясы даярлануда.
 
ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығы