15 ЦМК События 1 Ағымдағы жылдың 22-сі мен 23-ші қарашасы аралығында ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының бригадалары «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолында төтенше жағдайларды жою бойынша ұйымдастырылған ресей-қазақстандық біріккен оқу-жаттығуына қатысты.
Аңыз бойынша, қазақстан-ресей шекарасында ірі жол-көлік апаты болған. Ауа райының қолайсыз болуынан адамдарды тасымалдайтын автобус пен жүк көлігі соқтығысады. Аяз қыс, боран және қар ұшқындап жатыр. Қазақстанның көптеген аумағы үшін, көршілес жатқан Ресей мемлекеті үшін де бұл үйреншікті табиғат құбылысы. Сондықтан қарашадан наурыз айына дейінгі аралық – шұғыл қызмет жұмыстарының қиындау кезеңі болып табылады.
15 ЦМК События 2 Осы жолы, 20 адам зардап шеккен бұл оқу-жаттығудың аңызы бойынша, қолайсыз ауа райы ірі жол-көлік апатының себебі болып шықты. Оларға көмек көрсетуге бірден екі жақтан – Ресей мен Қазақстаннан адам жұмылдырылады.
Екі елдің құтқарушылары мен қар тазалайтын техникаларынан бөлек, оқу-жаттығуға Апаттар медицинасы орталығы реанимобилі мен ТЖ Комитетінің авиациясы жұмылдырылды.
15 ЦМК События 3 Апаттар медицинасы дәрігерлерінің басты тапсырмалары: «зардап шеккен» азаматтарға уақытылы көмек көрсету және қиын жерлерден эвакуациялауды ұйымдастыру, адамдарды медициналық мекемелер мен қауіпсіз жерлерге көшіру болып саналды.
Сценари бойынша ауыр зардап шеккен екі адамға шұғыл түрдегі госпитализация қажет болды, соған орай ТЖ орын алған жерге медициналық құрылғылармен жабдықталған «Қазавиаспас» АҚ-ның «Еврокоптер» вертолеті жұмылдырылды. Бас-ми жарақатын алған зардап шегушінің біреуіне шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, содан соң АМО-ның медицина қызметкерлері арнайы реанимобильде науқасты вертолет алаңына тасымалдады, одан кейін әуеде науқасты бақылап тұрып, Өскемен қаласындағы арнайы емханаға жеткізді.
Ал аяқ сынығы бар екінші зардап шегуші адамға жансыздандыру мен иммобилизация жасалған соң, ол адамды Шемонаиха қаласындағы медициналық мекемеге госпитализациялаған.
Медицина қызметкерлері өздеріне жүктелген тапсырмаларды сәтті орындап шықты. Олардың іс-әрекеті нақты әрі жинақы болды. Себебі мұндай жағдайларда әр минут маңызды! Сонымен қатар мұндай жағдайлар шынайы өмірде де жиі кездеседі. Сондықтан ТЖ кезінде екі елдің өзара әрекет етуі өте маңызды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ