1111 1 Қарашаның 23-і мен 24-і аралығында ТЖ Комитеті медициналық қызметкерлерінің арасында кәсіби шеберліктері бойынша «Үздік медицина қызметкері» атағына ие болу үшін байқау өтті.
Байқауда жеңіске жету құқығына ие болу үшін сайысқа – Апаттар медицинасы орталығының, жедел-құтқару жасақтарының және Темір жол апаттар медицинасы госпиталінің медицина қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар үш кезеңнен тұратын байқауға қатысты: өз мамандықтарында өздерін көрсетті, тесттілеуден өтті және манекен–тренажерде алғашқы медициналық көмек көрсету әдіс-тәсілдерін көрсетті.
1111 2 Байқаудың бірінші кезеңінен қатысушылардың барлығы сүрінбей өтті. Әрбір қатысушы өздерінің күнделікті жұмыстарын толықтай ашып көрсетті және өздері таңдаған жұмыстарына деген қарым-қатынасын білдірді.
«АМО» ММ-нің Павлодар облысы бойынша филиалының дәрігері Колесниченко И.В. апаттар медицинасы бригадасының жұмыс истеп жатқан уақытта түсірілген фотоларын көрсете отырып, өзі құрастырған жаттау сөздерімен өз мамандығына деген сүйіспеншілігін білдірді, ал «АМО» ММ-нің Манғыстау облысы бойынша филиалының дәрігері Бисембиева М.К. және Ақмола облысы бойынша филиалының фельдшері Мырзабеков Б.А.өздерін керемет көрсетіп, өздері атқарып жүрген күнделікті жұмыстары жайлы дайындаған бейнеролик көрсетті.
1111 3 Байқаудың екінші кезеңі – тестілеуді өткізу болып, қатысушылардың кәсіби қызметінің негізгі бөлімдерін сипаттады. Сұрақтар оңай болмады, бірақ сонда да қатысушылар бірнеше минут ойланудың орнына тез-тез жауап берді. Бірақ, сараптаушылар тестіге тез жауап беру жылдамдығына қарап бағалап қана қоймай, сонымен қатар бағалаудың басты талаптары болып саналатын – сұрақтың толық әрі дұрыс болуына қарай бағалады.
1111 4 Соңғы кезең барлық қатысушылар мен көрермендердің жадында ерекше сақталып қалды, себебі әрбір қатысушы сайыскер бұл кезеңде адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларда медициналық көмек көрсету әдіс-тәсілдерін манекен-тренажерде жасап көрсетті. Бұл кезеңде «АМО» ММ-нің Павлодар облысы бойынша филиалының дәрігері Колесниченко И.В. мен Қарағанды облысы бойынша филиалының фельдшері Глуздаков Н.В жүрек-өкпе реанимациясы мен жарақаттық шок кезінде шұғыл түрде көмек көрсету бойынша дағдыларын нақты әрі жоғары кәсіби деңгейде көрсетіп, ерекше көзге түсті.
1111 5 Байқауға қатысқан барлық 22 адамның ішінде Апаттар медицинасы орталығының атынан 6 адам қатысып, оның үшеуі жүлделі орындарға ие болды.
Байқаудың барлық кезеңінің қортындысы бойынша бірінші орын иегері және Төтенше жағдайлар комитетінің Үздік дәрігері атағына ие болған «АМО» ММ-нің Павлодар облысы бойынша филиалының дәрігері Колесниченко Игорь Вениаминовичболды, ал екінші орынға ие болған Манғыстау облысы бойынша филиалының дәрігері Бисембиева Мансия Климовна, үшінші орынға ие болған Қарағанды облысы бойынша филиалының фельдшері Глуздаков Николай Валериевич болды.
Медицина қызметкері – бұл кәсіп, Төтенше жағдайлар комитеті жүйесіндегі медицина қызметкерлерінің жұмысы өзіндік ерекшеліктерге ие. Медицина қызметкерлері мен құтқарушылармен, өзге де құтқару қызметінің қызметкерлерімен қатар, олар өз өмірлерін қауіпке тігіп, тек зардап шеккендердің денсаулығын бағалап қана қоймай, сонымен қатар төтенше жағдайларда жұмыс истейді.
Осынау байқауға қатысу – біліктілкті шыңдау мен жеңіс қуанышын сезінуге, өз білімдерін тексеруге тағы бір мүмкіндік болып табылады!
Апаттар медицинасы қызметкерлерін сайысқа сәтті қатысқандары үшін құттықтаймыз! Сіздердің бойларыңыздағы кәсіби біліктілік, жауапкершілік және өз жұмыстарыңызға деген адалдық
Төтенше жағдайларды жою мен алдын-алу жүйесін одан әрі дамытуға зор үлесін қоса берсін!
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ