12 CMK Қазіргі таңда ҚР ІІМ ТЖ комитеті Апаттар медицинасы орталығы –төтенше жағдайларды жою мен алдын-алу бойынша бірегей мемлекеттік жүйесіне кіретін мамандандырылған медициналық авариялық-құтқару қызметі болып табылады.
2017 жылдың 10 айының қортындысы бойынша Апаттар медицинасы орталығының бөлімшелерімен 2481 адам құтқарылып, оның 212-сі бала болып шықты.
4525 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, оның 350-і бала болды. ТЖ орнынан эвакуацияланған 1,5 мың адам болып, олардың ішінде жүзден асасы – бала болып шықты.
1181 адам госпитализацияланған, оның ішінде 120-сы бала.
Апаттар медицинасы орталығы қызметінің басты мақсаты – әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайларда зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету іс-шараларын жүзеге асыру арқылы адам санын жоғалтуды азайту екендігін атап өту қажет.
АМО-ның төтенше жағдайлар кезінде негізгі шұғыл әрекет ету бірлігі – апаттар медицинасы жасағы мен шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасы болып саналады.
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар жиі болып тұратын аудандарда, яғни Алматы және Өскемен қалалаларында екі жасақ орналасқан.
Жасақтар далалық жағдайда, автономдық режимде 14 күн ішінде жедел түрде қолдануға шақталған, күніне зардап шекккен 200 адамды қабылдай алу қуатына ие мобильді госпитальмен жабдықталған.
2014 жылы бұған дейін болмаған Апаттар медицинасы орталығының Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстары бойынша филиалдары пайда болып, оларды кадрлармен және қызмет етуіне қажетті барлық заттармен қамтамасыз ету сол кезде толық аяқталды.
Осылайша, қазіргі таңда ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығы бөлімшелері республикамыздың барлық 16 облысында бар және әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайларда зардап шеккендер мен қарапайым халыққа көмек көрсетуге әзір.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ