10 CMK infarkT 1 Кеше, 13-ші қарашада сағат 16-дан 40 минут өткенде Павлодар облысындағы «Қалқаман» трассалық медициналық–құтқару пунктіне жолда өтіп бара жатқан 62 жастағы жүк көлігін жүргізуші жүрек маңындағы ауырсыну сезіміне шағымданып қаралды.
ТМҚП-нің медицина қызметкерлері науқасты қарап болған соң және электрокардиографиялық зерттеу өткізген соң науқасқа жедел коронарлық синдром (инфаркт) қойды.
Жақын маңдағы орталық аудандық ауруханада кардиологиялық бөлімше болмағандықтан, тез арада науқасты трассалық пункт орналасқан жерден 100 шақырым жерде орналасқан Павлодар қаласындағы арнайы емдеу мекемесіне госпитализациялау туралы шешім қабылданды.
10 CMK infarkT 2 Бригада ер азаматты реанимобильде емдеу мекемесіне жеткізе отырып, сол сәтте-ақ қажетті емдеу шарасын көрсетті және ағзаларының өмірлік қызметін қадағалап отырды, трассалық пункт диспетчері Павлодар қаласының жедел медициналық көмек көрсету қызметімен хабарласып, жедел жәрдем бригадасының алдарынан күтіп алуын хабарлады. 63-ші шақырымды өткенде, науқас кардиологиялық бригадаға тапсырылып, 2-ші қалалық аурухананың арнайы бөлімшесіне госпитализацияланды.
Қазіргі таңда ер азамат реанимацияда, жағдайы – тұрақты, дәл қазір өміріне қауіп төндіретін жағдай жоқ.
Осылайша, дәл уақытында медициналық көмек көрсетілгендіктен, жүргізушінің өмірі құтқарылды, оның орнына басқа азамат болса да құтқарылар еді, егер ер азамат көлік жүргізе берсе, жағдайды болжам мүмкін болмас еді.
Трассалық пункт қызметінің бірі болып жол-көлік апаты болған жағдайларда шұғыл көмек көрсетуден бөлек, жолдағы өздігінен келіп қаралатын жолаушыларға медициналық көмек көрсету болып табылды. ТМҚП ашылған сәттен бастап өздігінен қаралған 13 мың адамға көмек көрсетілді, оның ішіндегі 500 адам емдеу мекемелеріне госпитализацияланған.
Трассалық пункттердің жұмысының арқасында авариялық-қауіпті жол аумағында кез келген шұғыл жағдайда әрбір жүргізуші мен жолаушыға міндетті және ақысыз мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ