30 CMK pol gosp 1 Апаттар медицинасы орталығының төтенше жағдайларға ден қою бойынша негізгі жедел бірлігі – Алматы және Өскемен қалаларында, яғни табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар жиі болып тұратынөңірлерде орналасқан апаттар медицинасының 2 жасағы болып табылады.
Жасақтар автономды далалық режимде шұғыл түрде қолдануға арналған мобильді госпитальмен жабдықталған.
Далалық медициналық госпиталь кішігірім, өтпелі және шлюздік пневмокаркастық модульдерімен өзара біріктірілген пневмокаркастық құрлымдардан құралып және төтенше жағдайлар аумағында жұмыс істеуге: зардап шегушілер мен науқастарды қабылдауға, оларды медициналық сұрыптауға, мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге, уақытша госпитализациялау және зардап шеккендерді эвакуациялауға даярлауға арнап жасалған. Сонымен қатар госпиталь төтенше жағдайлар ошағында ауырып қалғандар мен зардап шегушілерге амбулаториялық көмек көрсетеді.
Шынайы өмірдегі төтенше жағдайда, яғни заманауи Қазақстан тарихында 2010 жылы болған Қызылағаш ауылындағы жойқын су тасқынында баға жетпес көмек көрсеткен госпиталь дәрігерлері болды, онда 43 адам қаза тауып, 300 адам жарақат алды, аулдағы 146 үй толығымен шайылып кетті, 200-ден астамы жойылды. Жойқын су тасқыны салдарынан барлық медициналық мекемелердің жұмыстары бұзылып, сондықтан бастапқыда госпиталь төтенше жағдайдағы әрекет етуші жалғыз медициналық мекеме болды. 2013 жылы – Жамбыл облысындағы Қаратау қаласындағы дауылдың нәтижесін жоюды жүзеге асыру болды.
Бұл ретте, зардап шеккен 536 адамға мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді, оның 47-сі бала, ал зардап шеккендердің ішіндегі 20 адам арнайы емдеу мекемесіне жеткізілді.
Жыл сайын апаттар медицинасы жасағының және АМО-ның далалық госпиталінің даярлығы «Қазқұтұару», «Ағын», «Жер» атты командалық-штабтық оқу-жаттығуларында шыңдалады.
Госпиталь дәрігерлері мен медбикелердің қолымен жинақталған соң, далалық жағдайда операциялар, таңулар, укол жасау мен өзге де манипуляциялар жүргізіледі. Медициналық журналдарды, дәрілік заттарды және медициналық құрылғыларды шетке қойып, өз қолдарымен жылжымалы госпитальдің құрлысын тез арада әрі сапалы түрде жинақтап жасайды.
Медицина қызметкерлері даярланбаған жерде санаулы уақытта (госпитальді толық құрастыру 45-60 минутты құрайды) заманауи құрылғылардан және медициналық тағайындауларға ие санитарлық-техникалық заттардан құралған екі далалық медициналық госпитальді тұрғызды.
Апаттар медицинасы орталығының мобильді госпиталі толық құрастырылып болғанда күніне зардап шеккен 200 адамға көмек көрсету және өздігінен жүре алмайтындар үшін 50 төсек құру мүмкіндігіне ие.
Іс-шара орнында сұрыптау алаңы, толық көлемдегі қабылдау-сұрыптау алаңы, операциялық-таңу бөлімі, қамтамасыз ету бөлімінің де қызметкерлеріне арналған жұмыс орындарымен қатар демалыс орындарынан құралған госпитальдық бөлімдер қанат жайды.
Бұл ерекше далалық құрылым АМО жасағының 14 күндік автономды далалық жағдайда жұмыс істеу барысында олардың барлық қажеттілігін қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие.
Осылайша Апаттар медицинасы орталығы жасақтарының төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге тәжірибелік даярлығы және де төтенше жағдайлар кезінде бірінші кезекте адам санын жоғалтуды азайту үшін шұғыл әрекет ету қызметтерімен өзара қарым-қатынасы жайлы мәселелер жиі пысықталады.
 Татьяна Яровенко
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ