17 ЦМК события 1 19 қазанда Астана қаласындағы «Жастар» сарайында кәсіби мереке – Құтқарушы күніне арналған салтанатты жиын өтті, онда ардагерлерге және қызметкерлерге наградалар табыс етілді. «Жастар» ғимаратының алдында заманауи құтқару техникалары мен жабдықтарының көрмесі өтті.
Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Н. Қасымов қатысты.
Жиналыс барысында азаматтық қорғау органдарының ерекшеленген қызметкерлеріне ведомстволық наградалар, грамоталар және алғыс хаттар тапсырылды.
13 CMK new foto 1 Өз қызметін адал атқарғаны үшін, жұмыста жоғары жетістікке жеткені үшін, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін, құтқару операцияларына қатысқаны үшін, адамдарды құтқарғаны үшін және Құтқарушылар мейрамы қарсаңында Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрінің бұйрығына сәйкес Апаттар медицинасы орталығының 5 қызметкері марапатқа ие болды:
-«Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төс белгісімен «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Астана қаласы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің жүргізушісі Морарь Валерий Ефимович;
- III дәрежелі «Құтқарушы» төс белгісімен «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Павлодар облысы бойынша филиалының «Қалқаман» трассалық медициналық – құтқару пунктінің құтқарушысы Гебель Александр Викторович марапатталды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің грамотасымен – «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Атырау облысы бойынша филиалының басшысы Альжанов Миржан Жапбарович марапатталды.
13 CMK new foto 2 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің алғыс хатына «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Астана қаласы бойынша филиалының «Макинск» трассалық медициналық – құтқару пунктінің фельдшері Русенко Александр Викторович ие болды.
Сонымен қатар Апаттар медицинасы орталығы Қызылорда облысы бойынша филиалының шұғыл психологиялық көмек көрсету тобының психологі Әбдіқалиқызы Жазира Досаеваға Ішкі істер министрлігінің алғысы жарияланды.
Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен сүйемелденді, онда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның оркестрі мен ансамблі, Көкшетау техникалық институтының курсанттары, ішкі істер және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері өнер көрсетті.
Барлық әріптестерімізді кәсіби төл мерекесі – Құтқарушы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Өмір жолдарында тек қана ақ жол, мықты денсаулық, рухани байлық, өз кәсіби мамандықтарында жеңістер мен табыстар көп болсын деп тілейміз!
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы» ММ