01 ЦМК Антитеррор 1 2017 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының барлық аймағында жедел-тактикалық «Антитеррор – 2017» оқу-жаттығуы басталды. Оқу-жаттығуға арнайы бөлімшелер - ҰҚК, ІІД, ТЖД-мен қатар Апаттар медицинасы орталығының: Астана қаласы бойынша, Маңғыстау, Қарағанды және Қызылорда облыстары бойынша филиалдары қатысты.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты – антитеррористтік операцияларды өткізу бойынша мемлекеттік органдардың дағдыларын дамыту, терроризм актілерінің салдарын азайту және мүлде болдырмау.
Оқу-жаттығу барысында терроризм актісінің пайда болуы немесе жасалу қаупі туындаған жағдайда бірлескен іс-қимылдар жасау қарастырылды.
АМО-ның бригадасымен «Жеңіл дәрежелі улану» диагнозымен шартты түрде зардап шеккен бір адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілді.
Апаттар медицинасы орталығының шұғыл әрекет ету бригадасы оқу-жаттығу барысында қойылған тапсырмаларды сәтті орындап шықты.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы» ММ