01 ЦМК 1 Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Көкшетау қаласындағы Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде «Үздік орта медициналық қызметкер» атты аумақтық жарыстың алдын-ала кезеңі өтті.
Жарыстың мақсаты – азаматтық қорғау органдарындағы медицина қызметкерлерінің жұмысын қолдау және кәсіби біліктілігін арттыру.
01 ЦМК 2 Жарысқа Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ мен ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Ақмола облысы бойынша филиалының қызметкерлері қатысты.
Жарыс 3 турдан құралды: сәлемдесу, тестілеуден өту және тәжірибелік дағдыларды көрсету («Максим» атты маникенде).
3 турдың нәтижесі бойынша бірінші орынды ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Ақмола облысы бойынша филиалының фельдшері Алтынбекұлы Бахтияр Мырзабеков иеленді.
Үшінші орын ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Ақмола облысы бойынша филиалының фельдшері Қуанышбайұлы Расул Молдабаевқа бұйырды.
Жеңіске жеткен біздің әріптестерімізді шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз, зор денсаулық, молшылық және өте қажетті әрі маңызды кәсіби қызметтеріне тек қана сәттілік тілейміз!
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы» ММ