29 CMK KazSpas 1 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитеті жүйесінде төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын жүргізетін мамандарды оқытуға және даярлауға жылдан - жылға ерекше назар аударылып келеді. Қызметті жақсарту мақсатында үнемі далалық оқу-жаттығулар, жаттығулар, жарыстар ұйымдастырылады. Мұндай үлкен көлемді және маңызды іс-шаралардың бірі – жыл сайын ұйымдастырылатын «Қазқұ» Халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы болып табылады. Төтенше жағдайларды жылдам әрі тиімді жою және зардап шеккен халыққа жедел көмек көрсету қабілеттерімен жарысу мақсатында Қазақстанның барлық түкпірінен құтқарушы командалары жиналады.
Қазіргі уақытта құтқару бөлімшелерінің 17-ші семинар-жиынын өткізуге дайындық кезеңінде ағымдағы жылдың 18-28 қыркүйегі аралығында әртүрлі бөлімшелерде үлкен жұмыстар жүргізіліп, дер кезінде медициналық көмек көрсету мақсатында Апаттар медицинасы жасағының модулі құрылған.
29 CMK KazSpas 2 Қазқұтқару – 2017 жасағының құрамында Апаттар медицинасы орталығының Қарағанды облысы бойынша филиалының психологы А.Ю. Вовк бар.
Психолог теориялық білімін және практикалық тәжірибиесін басшылыққа ала отырып, психологиялық микроклиматқа психологиялық тұрғыда жағымды әсер ету бойынша және стресстік жағдайлардың алдын-алу бойынша іс-шаралар өткізеді. Бұл жұмысты апаттар медицинасы жасағы қызметкерлеріне де, сонымен қатар, жарысқа қатысушы құтқарушылардың жеке өтініштері бойынша да жүргізеді.
Бұл бағыт бойынша психологтарға бүгінгі күні жеке құраммен «Топ құру» тақырыбында 2 тренинг сабағы өткізілді.
Сонымен қатар, стресстік факторлардың алдын-алудың маңызды бөлігі жеке кеңес беру болып табылады. Өтініш білдірушілердің өзекті проблемалары – ұжымдағы қарым-қатынас, келіспеушілік жағдайларын шешу жолдары болып есептеледі. Мұндай өтініштер 4 рет өткізілді.
Осы жұмыстармен қатар, психолог «Альфария» транскраниалды электростимуляция құралымен жеке түзету жұмыстарын жүргізеді, мұндай жеке өтініштер бойынша 19 сеанс өткізілген.
Психологтың осы бағыт бойынша бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жарысты қамтамасыз етудің барлық кезеңінде жұмысты жалғастыру жоспарлануда.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апатттар медицинасы орталығы» ММ