30 CMK 2017 жылдың 17 қыркүйегінде сағат 12:00 – де «Апаттар медицинасы орталғы» ММ Астана қаласы бойынша филиалының кезекші диспетчеріне Алаш көшесінде салынып жатқан объектінің құлағандығы жайлы ақпарат келіп түсті.
Филиалдың медициналық шұғыл әрекет ету бригадасы тез арада оқыс оқиға болған жерге жетті. Салынып жатқан ғимараттың қабырғасы құлаған кезде қирандылар астында қалып, зардап шеккендердің үшеуі – Өзбекістан Республикасының азамттары болып шықты.
Бір жұмыскердің денесін қирандылар арасынан Орталық аймақтық аэромобильді шұғыл – құтқару жасағының құтқарушылары алып шығып, қарау жүргізілген соң биологиялық өлім болғандығы тіркелді. Сәл кешірек екінші жұмыскердің денесі табылып, қирандылар арсынан алып шығарылды.
Қирандылар арасынан алып шағарылған үшінші зардап шегуші 1995 жылғы азамат шок жағдайында болды, себебі аяқтарының травмалық ампутациясын алған.
Медицина қызметкерлері қан кетуді тоқтату үшін жгут салып, тасымалдау кезінде шокқа қарсы емдеу шаралары жүргізді. Аяқ сегментінің ампутациясымен зардап шегуші Травматология және ортопедия Ғылыми – Зерттеу институтының травматология бөліміне жеткізілді.
Зардап шегушінің аяғын аман сақтап қалу мүмкін емес еді, себебі жұмсақ тіндер қатты зақымданған. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр дәрежеде, ТОҒЗИ реанимация бөлімінде жатыр.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы» ММ