30 ЦМК События 1 Биылғы жылы Отбасы күні 10 қыркүйекке сай келді. Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығына сәйкес, бұл мейрам қыркүйек айының екінші жексенбісінде әрдайым тойланады.
Отбасы күнін атап өту барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі іс-шаралар ұйымдастырып өткізді.
Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Павлодар облысы бойынша филиалдарының қызметкерлері балалар үйіне материалдық көмек көрсету мақсатымен қайырымдылық акциясын өткізді.
30 ЦМК События 2 Ал Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалдарының қызметкерлері «Отбасы – Қазақстан халқының тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Және де Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының психологы өз қызметкерлеріне аранап отбасындағы қиындықтар және отбасы құндылықтары тақырыбында тренниг өткізді.
30 ЦМК События 3 Бұдан басқа Астана қаласы, Ақмола және Алматы облысы бойынша филиалдары «Менің отбасым»,«Некені қию және бұзу», «Мәңгілік ел – мәңгілік отбасы» және «Отбасы – қоғам ұяшығы» тақырыптарында лекция өткізді.
Сонымен қатар Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментінің, өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстарының қызметкерлерімен бірге «Отан отбасынан басталады» атты отбасылық жарысқа қатысты. Ақтөбе облысы бойынша филиалы «Үлгілі отбасы» тақырыбындағы спорттық эстафетаға қатысты.
Бұл күні баршаларыңыздың отбасыларыңызға бақыт пен амандық, саулық тілейміз. Әр қазақстандық отбасы гүлденсе, Отанымыз, Қазақстанымыз да нығая түспек.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апатттар медицинасы орталығы» ММ