26 ЦМК награждение Мейрам қарсаңында Конституция күніне арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде салтанатты жиналыс өтіп, одан әрі құрмет грамотасы мен алғыс хаттарды ұсынумен жалғасты.
Өз міндеттерін адал орындағаны үшін және Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге байланысты Ішкі істер министрінің бұйрығымен ТЖК-нің 15 қызметкері ведомстволық наградалармен марапатталды, тағы алтауына Министрдің алғысы жарияланды.
Сонымен қатар азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамытуға және жетілдіруге қосқан үлесі, қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін және Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге байланысты ТЖК төрағасының бұйрығымен ТЖК-нің 64 қызметкері ведомстволық наградалармен марапатталды.
Осы жылы Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері де мараппаттарға ие болды.
Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін және Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай марапатқа ие болғандар:
– «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төс белгісімен «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Шығыс – Қазақстан облысы бойынша филиалының госпитальді бөлімнің дәрігері Қабыкенқызы Құралай Саятова;
– ІІІ дәрежелі «Құтқарушы» төс белгісімен – «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Павлодар облысы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің фельдшері Ковтун Алексей Валерьевич марапатталды.
Өз қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін, жұмыс барысында жоғары жетістіктерге қол жеткізгені үшін және Конституция күніне орай «АМО Апаттар медицинасы орталығы» ММ шұғыл психологиялық көмек көрсету бөлімінің басшысы Сычугова Наталья Сергеевна – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мақтау қағазына ие болды.
Сонымен қатар Апаттар медицинасы орталығы Астана қаласы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің басшысы Даетқызы Гүлжаухар Сералиеваға Ішкі істер министрлігінің алғысы жарияланды.
Барлық әріптестерімізді мерекемен құттықтаймыз! Шын жүректен бейбіт өмір, өркендеу мен табысты жетістіктерге қол жеткізуді тілейміз!
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы» ММ