12 sob 1 Ағымдағы жылдың 24 тамызында «Апаттар медицинасы орталығы» Мемлекеттік мекемесі Астана қаласы бойынша филиалының қызметкерлері асфиксия кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйрету мақсатында филиалдың медицина қызметкерлері мен орталық аппарат қызметкерлеріне арнап «Асфиксия. Жедел тыныс жеткіліксіздігі. Шұғыл медициналық көмек көрсетудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында лекция өткізді.
Сабақ барысныда асфиксияның түрлері мен себептері түсіндіріліп, манекен – тренажерда өңеш интубациясын, трахеотомияны, коникотомияны өткізу техникасы көрсетілді.
Медицина қызметкерлерінің сабақ барысында алған білімдері төтенше жағдайлар кезінде пайда болған жедел және қауіпті жағдайларда шұғыл көмек көрсету дағдысын автоматты түрде жасай білуді дамытуға мүмкіндік береді.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы»ММ