Ағымдағы жылдың 22-ші тамызында Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының Өрттен құтқару спорты бойынша ерлер арасында XXIV жазғы чемпионаты мен Өрттен құтқару спорты бойынша әйелдер арасында IV жазғы чемпионатының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты түрде ашылу рәсіміне Маңғыстау облысы әкімдігінің басшылары мен төтенше жағдайлар Департаментінің басшылары қатысты.
Жарысқа 14 облыс пен Астана мен Алматы қалаларындағы төтенше жағдайлар департаментінің командалары қатысуда.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының қызметкерлері осы жарысты медициналық қамтамасыз етеді және медициналық қызметкерлер жарыстың барлық кезеңдерінде кезекшілік жүргізеді.
Бригада шұғыл медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті медициналық дәрі-дәрмектер мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
«Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалының қызметкерлері жарысқа қатысушыларға және де өздігінен қаралатындарға шұғыл түрде көмек көрсетуге әзір.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы»ММ