19 kyzl champ 1 min Ағымдағы жылдың 7-ші тамызынан бастап 11-ші тамызға дейінгі мерзім аралығында Қызылордада жасөспірімдер мен жас құтқарушылар тобы арасында өрттен құтқару спорты бойынша VІІ Республикалық жаздық Чемпионат өтті.
19 kyzl champ 2 min Жарысқа Қазақстан Республикасының барлық облысынан 17 команда және Ақтөбеден, Павлодардан, Қызылордадан келген Жас құтқарушылардың 3 командасы қатысты.
Апаттар медицинасы орталығы Қызылорда облысы бойынша филиалының 3 адамнан құралған шұғыл әрекет ету бригадасы осы Чемпионатты медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырды.
19 kyzl champ 3 min Бригада медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті медициналық дәрі-дәрмектер мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Кезекшілік ету барысында бригада әр түрлі жарақаттар мен соғылулар алып, өздігінен қаралған 11 адамға медициналық көмек көрсетті.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы» ММ