Жаз айлары — су қоймасында демалушы адамдар үшін өте қауіпті уақыт. 2017 жыл басынан бері суға кеткендердің жалпы саны 32 адамға жетті, оның ішінде 15 бала (жасы 18-ге толмағандар саны 10 бала).
Су қоймаларында болатын қайғылы оқиғалардың басты себебі: адамдардың суға түсу ережесін сақтамағандықтарынан, балалардың су қоймасы маңында үлкендердің қарауынсыз жалғыз қалуы, балық аулау, қайықпен жүзу кезінде арнайы құтқару жабдықтарының болмауы, шомылуға арналмаған жерде суға түсу болып табылады.
Суға батудың түрлері:
-Біріншілік немесе шынайы;
-Асфиксиялық немесе құрғақ;
-Екіншілік.
Біріншілік суға бату
Біріншілік суға бату көп кездеседі. Бұл кезде тыныс алу жолдары және өкпе сұйықтықпен бітеледі, сөйтіп су қанға өтеді. Бірінші реттік немесе шынайы суға кету тыныс алу жолдарының сұйықтыққа толуымен сипатталады. Зардап шегушінің терісінің түсі – көкшіл. Тұзсыз суға бату кезінде қан плазмасындағы иондардың тепе-теңдігі бұзылып, гемолиз гиперволемияға, гемодилюцияға, гипопротеинемияға, артериалды гипоксемияға әкеледі. Науқасты судан шығарып біріншілік көмек жасағанда өкпе ісігі пайда болып, тыныс жолдарынан бозғылт көпіршік бөлінеді. Клиникалық белгілері өкпе ісігінің пайда болуы, тыныс жолдарынан ақ көпіршіктің бөлінуі.
Асфиксиялық суға бату
Асфиксиялық суға бату рефлекторлы ларингоспазмның пайда болуынан болады, яғни ол судың аспирациясына бөгет келтіреді. Бұл көбіне қатты хлорланған немесе лайлы суда әрі көбіне әйелдер мен балаларда дамиды. Бұнда өкпе ісігі байқалмайды, бірақ көп мөлшерде асқазанда су болады.
Екіншілік суға бату
Екіншілік суға бату суық суға түскен соң жүректің кенеттен тоқтауынан (фибриляциясы) пайда болады . Кейде тыныс алу мүшелерінің немесе ортаңғы құлақтың (дабыл жарғағы перфорациясы) рефлекторлы реакциясы да белгілі роль атқарады. Клиникалық көрінісі бозару, перифериялық қан тамырларының айқын спазмы. Бұл кезде өкпе ісінуі болмайды.
Суға батқан адамға көрсетілетін алғашқы көмек :
Шынайы суға кетудегі алғашқы көмек:
Нағыз суға батқанда зардап шеккен адамды ішімен көмек көрсетіп жатқан адамның бүгілген аяғының санына жатқызады және 10-15 сек бойы қолмен кеуде клеткасының бүйір беттеріне күшті, біріне – бірі бағытталған қозғалыстар жасап тыныс жолдарын судан босатады. Одан кейін зардап шеккен адамды арқасына жатқызады және ауыз қуысын тазалап, өкпенің жасанды вентиляциясын жасай бастайды. Өкпенің жасанды вентиляциясын спонтанды тыныс пайда болғаннан кейін де, адам есіне келмегенде және дамып келе жатқан өкпе ісінуінің белгілері болғанда жалғастыра береді. Қажет болғанда жүректің сыртқы массажы жүргізіледі (30:2).
Асфиксиялық суға кету ол кеңірдек бұлшықеттерінің жиырылуына және өкпеге ауаның келуінің тоқтауына байланысты болады. Екінші реттік суға кету мұздай суда жүректің бірінші реттік тоқтауымен сабақтас. Зардап шегушінің терісі - боз. Ауа жолдарын судан босатқаннан кейін, зардап шеккен адамды тегіс жерге жатқызады және жасанды тыныс беруге кіріседі. Жансақтауды ұзақ, бірнеше сағат бойы өзіндік тыныс қалыптасқанша немесе биологиялық өлімнің нағыз белгілері пайда болғанша жүргізеді.
Екінші реттік суға кету зардап шегуші салқын суға түскенде – "сүңгу” синдромындағы жүрек қызметінің тоқтауында (фибрилляциясында) дамиды.
Суға батудың кез-келген түрінде зардап шегушінің көңіл – күйінің дұрыс болуына, өзін – өзі жақсы сезінуіне қарамай жедел түрде емханаға жеткізу керек. Зардап шегушіні дер кезінде құтқарып алсаңыз да, 3 – 5 күнге дейін жүректің кенеттен тоқтау, ми мен өкпенің ісіну, жедел бүйрек жеткіліксіздігі қаупі сақталады.
Суға түсіп дем алу қайғылы жағдайға ұласпау үшін, төмендегідей қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыз:
-Суға жағажайда, құтқару бекеті бар жерлерде, шомылуға рұқсат берілген жерлерде ғана түсіңіз.
-Суға шомылған кезде жағажайдан алысқа белгі қойылған тұстан жырақтап кетпеңіз.
-Тік жартастаты, қатты ағысты жерлерге, жаңбыр жауып, найзағай ойнап тұрған кезде шомылмаңыз.
-Мас күйде суға шомылуға мүлдем болмайды.
-Жүзу құрылғысымен суға жүзгенде құрылғының жұмысында ақау болмауын тексеріңіз, балаларды суда қараусыз қалдырмаңыз, құтқару кеудешесінің бар екендігіңе көз жеткізіңіз.
-Жүрегі ауыратын, талмасы бар науқастарға суға шомылуға тиым салынады
-Судың ішінде ойнап жүрген балаларға аяқ қолдан тартып, суға батырып ойнауға тиым салыңыз.
Қарапайым қағиданы есте сақтамау қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін!
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің
Қарағанды облысы бойынша филиалының
шұғыл медициналық көмек көрсету
бөлімінің дәрігері
Гаврилова Е.В.