7 cmk 1 Ағымдағы жылдың 17 шілде айында Астана қаласындағы №1 қалалық емханасының токсикология бөлімінің меңгерушісі Башинская Г.Н. «Экстремальді токсикология. Әсері күшті улы заттармен улану» атты тақырыбында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Апаттар медицинасы орталығы»ММ қызметкерлеріне лекция өткізді.
Башинская Г.Н. лекцияда экстремальді токсикология ұғымына түсініктеме жасап, сонымен қатар өзінің тәжірибесінде болған жағдайлардан мысал келтірді.
Лекция барысында әсері күшті улы заттармен уланудың этиологиясы, патогенезі, клиникасы, алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары талқыланды.
Лекция аяқталғанда тыңдаушылар тарапынан осы тақырыпта сұрақтар қойылды.
7 cmk 2 7 cmk 2 7 cmk 2 7 cmk 2