14 Халықаралық ралли «Жібек жолы – 2017» – Мәскеу – Қазақстан – Қытай – бүкіл әлемдегі өте ұзақ әрі өте қызықты ралли-рейд болып саналады.
Ағымдағы жылдың 10 шілде мен 14 шілде аралығында ҚР ІІМ «Аппаттар медицинасы орталығы» ММ Қостанай және Қарағанды облыстарының филиалдары Қостанай мен Қарағанды облыстарының аумағында өткен «Жібек жолы – 2017» раллиінің Қазақстандық кезеңін медициналық көмекпен қамтамасыз етуді жүзеге асырды.
Жарысқа қатысқан шұғыл әрекет ету бригадалары медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті медициналық дәрі-дәрмектер мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Медициналық қамтамасыз ету барысында ҚР ІІМ«Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қостанай облысы филиалының шұғыл әрекет ету бригадасы өздігінен қаралған 4 адамға медициналық көмек көрсетті.
ҚР ІІМ «Апаттар медицинасы орталғы» ММ