21 Cmk 2017 жылдың 22 маусымында Ақтөбе облысында орналасқан, «Қарабұтақ» трассалық медициналық – құтқару пунктіне үлкен қалааралық бағытта жүретін автобустың жол - көлік апатына ұшырағандығы жайлы хабарлама келіп түскен.
Жол-көлік апаты Ақтөбе облысы Айтеке би ауданындағы «Самара - Шымкент» бағытының 946-шы шақырымында, Қарабұтақ ауылынан 20 км жерде болған.
Волгоград – Шымкент бағытында жолға шыққан екі қабатты жолаушылар автобусы жолда аударылған. Автобуста барлығы 52 адам болған, оның 50-і Өзбекістан мемлекетінің азаматы және 2-еуі еліміздің азаматы болып шыққан.
Құрамы 4 адамнан құралған және 1 техникасы бар «Қарабұтақ» трассалық медициналық – құтқару пунктінің шұғыл әрекет ету бригадасы жедел түрде жол – көлік апаты болған жерге барған. Оқиға орнына келген кезде әр түрлі ауырлық дәрежеде көптеген жарақат алған тоғыз адамға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, одан соң оларды ТМҚП бригадасы Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізген. Қалғандарына жедел жәрдем бригадасымен көмек көрсетілген.
ТМҚП- нің қызметкері зардап шеккен және қайтыс болған адамдарды алып шығуға байланысты авариялық – құтқару жұмыстарына қатысқан.
Жол-көлік апаты нәтижесінде Өзбекістан мемлекетінің 9 азаматы қайтыс болған, 18 адам ауруханаға жеткізілген, оның 17-сі Өзбекістан мемлекетінің азаматы және 1-еуі еліміздің азаматы. Ал 25 адамға сол жерде шұғыл түрде медициналық көмек көрсетілген.
Ақтөбе қаласының ТЖД-мен «шұғыл желі» бойынша жұмыстары және азаматтық қорғаныс органдарының психологтарымен кезекшілік жұмыстары ұйымдастырылған. «АМО»ММ Ақтөбе облысы бойынша филиалының психологтарымен 12 қоңырау қабылданған.
ҚР ІІМ ТЖК «Апатттар медицинасы орталығы»ММ