23 ЦМК 1 «Экспо-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында Апаттар медицинасы орталығының психологтары пункттерде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін - Көкшетау техникалық институтының курсанттарына психологиялық көмек көрсету іс-шарасын өткізеді.
Іс-шаралар ауқымдылығын ескерсек психоэмоциональдық жүктеме, сонымен қатар жалпы психикалық жағдайна жағымсыз әсер ететін көптеген факторларының бірі курсанттардың жасының 20-22 жас аралығында болуы, тағы біреуі – іс-шараның кең ауқымдылығы, әр түрлі органдардың тұрақты түрде бақылауы, шетел азаматтарымен төтенше жағдайлар болып қалмауын қадағалау сияқты жоғары жауапкершілік болып табылады.
23 ЦМК 2 Тұрақты психологиялық жүктеме нәтижесінде жұмыс істеу қабілеттілігі мен кәсіби қызмет сапасының төмендеуіне әкелетін жағымсыз психологиялық абыржу мен психофизикалық жағдайдың нашарлауы кезінде көрінетін тұрақты симптомдар жиынтығының дамуын қалыптастырады.
Осыған орай, ұйымдастырушылар тарапынан үш кезеңге бөлуге болатын іс-шаралардан тұратын курсанттарға психологиялық көмек көрсету жүйесі қолданылады.
Бірінші кезең – психологиялық дайындық кезеңі. Тұрғылықты мекен дислокациясында курсанттарға әлеуметтік-психологиялық заңдылықтар мен жеке-тұлғалық ерекшеліктерін анықтау мақсатында психодиагностикалық зерттеу өткізілді.
Екінші кезең – халықаралық көрме өткізілуінің барлық кезеңінде қызметтік жұмыстарының тиімділігін қолдау мақсатында АМО психологтармен өткізілетін психологиялық қадағалау болып табылады.
Үшінші кезең –тұрғылықты мекен дислокациясына келгеннен кейін курсанттармен психологиялық жұмыс – қызметкерлерге психологиялық реабилитация өткізу жорамалданып, жеке құрамның даярлығын күшейту үшін қауіпті жағдайлардың оң нәтижесін пайдалану.
23 ЦМК 3 Үш кезеңнің әрбір кезеңінде халықаралық көрме қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын КТИ курсанттарының қызметтеріне психологиялық көмек көрсету үшін әртүрлі ұйымдастырылатын әдіс-тәсілдері мен психологтардың іс-әрекетінің арнайы алгоритімі қолданылады.
Қазіргі таңда психологтар курсанттардың жоғары эмоциональді тұрақсыздығын жою мақсатында еңбек ету графигі мен демалыс графигіне сәйкес оң қөзқарас пен психоэмоциональдық тұрақтылықты қалыптастыру үшін көптеген жұмыстар атқаруда.
23 ЦМК 4 Осыған орай АМО психологтарымен келесідей жұмыстар атқарылды:
- «Топ құру» тақырыбында 2 тренинг өткізілді;
- «Төтенше жағдайларда өзін-өзі реттеут әдіс-тәсілдері» тақырыбында практикалық дағдысымен лекция оқылды;
- Жеке қаралулар бойынша және бөлімше басшыларының бағыты бойынша курсанттармен 52 кеңесу өткізілді.
Психологиялық көмек көрсетудің осы сызба нұсқасы қызметтік тапсырмаларды орындау кезінде курсанттар қабілеттілігін қалпына келтіру мен қолдау сияқты іс-шараларды өткізудің салалы, жинақы, жүйелі әрі тиімді екенін жорамалдайды.
Психологиялық көмек көрсету мен алдын-алу іс-шаралары бойынша АМО психологтарының жұмыстары апта сайын тұрақты түрде ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталғанға дейін өткізілетін болады.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апатттар медицинасы орталығы»ММ