cmk 2 Мемелекетіміздің бастапқы саясаты - ең қымбатты да, бағалы адам баласының денсаулығы мен өмірін қорғау.
Алматы қаласының Апат медицина қызметкерлері – өзінің өмірлік күш-жігерлерімен, міндетті жауапкершіліктерімен мемелекетіміздің қоғамдық жұмыстарын шұғыл да нықты түрде, әртүрлі төтенше жағдайларда: өрттен, су тасқынынан, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге немесе басқада бақытсыз жағдайларда дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, барлық мүмкіндігін пайдаланатын адамдар болып табылады.
cmk 3 Әр түрлі төттенше жағдайларда жоғарғы деңгейде, табанды және білікті қимылдайтын, міндеттемелерін жауапты және мұқиятты орындап, халыққа деген суйіспеншілік, қайырымдылық, сыйластық,қол ұшын беру деген сапа көптеген өмірді құтқарудың кепілі болып келеді.
Қазіргі уақытта Алматы қаласының Апаттар медицинасы орталығы – бұл көп саладан, әртүрлі деңгейден тұратын, дәлірек айтқанда бұл Шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімі, оның ішінде шұғыл әрекет бригадалары, бірнеше күре жолдық медициналық құтқару пунктерлерінен құралған мекеме. Бұл мекемеде әр түрлі жарақат алған кезде адам өміріне қажетті мүшелердің жұмысын тұрақтандыру мен сақтап тұруға қажет білім жеткілікті деуге болады, бұл процесс арнайы автокөліктер–реанимобильдерде стационарға жатқызуға дейін жүзеге асырылады.
cmk 4 Әрине, медициналық қызметкерлердің тиімді әрі сапалы жұмысы ҚР ІІМ ТЖК басқа да бөлімдерімен тығыз байланыс орнату арқылы іске асады.
Одан бөлек, Алматы апаттар медицинасы орталығы Алматы ТЖД-мен әр түрлі командалы-штабтық жаттығуларға , «Қазселденқорқау» мекемесімен бірге профилактикалық қар түсіру, сонымен бірге «МШҚЖ» құтқарушыларымен іздестіру-құтқару жұмыстарына, сонымен бірге басқа мекемелерде ТЖ алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтарына белсенді түрде ат салысып қатысады.
Әлбетте, олардың араларында сыйлы да, қадірлі, адам өмірін құтқаруда шектелмеген еңбектерінің шегі жоқ қызметкерлер де бар. Олар жастарға медицина мамандығының қыр-сырын үйретіп және өздері де мамандандырылуын арттыру мақсатында үнемі ізденіс пен оқуда болады.
Осындай еңбектің марапаты мен жемісі – адамдардың алғыс айтуы болып табылады. Әлбетте медицинаға, әсіресе апаттар медицинасына жай адамдар келмейді. Медициналық қызметкерлер – олар өте құнды байлық болып табылатын – адамзаттың өмірі мен денсаулығын жанқиярлықпен корғайды.
cmk 5 Басқа адамның қайғысын бөлісе білу, мейірімділік пен адамгершілік таныта білу – бұл біздің кәсіби жұмысымыздың негізгі принциптері болып табылады.
«Апаттар медицинасы дәрігері» мамандығын маңыздылығы мен ауырлығы жағынан басқа мамандықтармен салыстыруға келмейді. Сондықтан барлық медицина қызметкерлерінің көп күш-жігерді талап ететін ауыр еңбек жолдарына сәттілік тілейміз. Сонымен қатар әр минут сайын жеміс әкелетін өздеріңіздің жұмыстарыңызда күмән болмасын деп тілейміз!
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ
Алматы қаласы бойынша филиалы