25 cmk st 1 Қазақстан Республикасында жол-көлік апаттары әлеуметтік - экономмикалық және демографиялық тұрғыда өте өзекті мәселе болып табылады.
Жол-көлік оқиғасы болған жерде медициналық іс-шаралардың тиімді көрсеткіштерінің бірі – «Алтын сағат» атты ережені ұстана отырып, шұғыл медициналық көмек көрсетуді ертерек бастау болып табылады.
25 cmk st 2 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен жарақаттанудан соң алғашқы сағаттарда алғашқы медициналық көмек алған зардап шегуші адамдарда кеш көрсетілген медициналық көмек алғандармен салыстырғанда өлім-жітім және мүгедек болу қаупі екі есе аз болатындығы анықталған.
ҚР Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақты бірге құрайық» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытуға арналған 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы барысында, жолдағы жарақаттану мен өлім-жітімді төмендету республикалылық маңызы бар қауіпті жол аймақтарында уақытылы шұғыл медициналық және құтқару көмектерін көрсету мақсатымен 40 трассалық медициналық - құтқару пункті (одан әрі ТМҚП) салынды.
25 cmk st 3 2013 жылғы желтоқсан айынан бастап Жамбыл облысы аумағында 3 трассалық медициналық құтқару пункті қызмет етеді: «Төле-би» ТМҚП (Төле-би ауылына жақын маңда), «Луговое» ТМҚП (Құлан аулына жақын маңда), «Шығанақ» ТМҚП (Бурылбайтал ауылына жақын маңда).
Трассалық медициналық - құтқару пунктінде күні-түні құрамында 5 адамнан тұратын: дәрігер, фельдшер, фельдшер-диспетчер, құтқарушы және құтқарушы - көлік жүргізушісі бар бригада кезекшілік етеді.
Төтенше жағдай туындаған кезде шұғыл түрде «112», «103», «102», «101» нөмірлеріне алғашқы қоңырау шалынып, содан соң бірден трассалық медициналық - құтқару пунктінің кезекші-диспетчерлік пунктісіне хабарландырылады.
Одан әрі, хабарландыру – сызба нұсқасына сәйкес Жол-көлік оқиғасы болған жердегі адмдармен кері байланыс жүзеге асырылады.
ТМҚП-нің фельдшер-диспетчері күні-түні қоңырауларды үздіксіз қабылдайды, халықтың жолдауын тыңдайды, шұғыл әрекет ету бригадасының уақытылы шақырту бағытын анықтайды, туындаған төтенше жағдайларға байланысты бригада жұмысын тез арада басқарып әрі бақылайды.
2016 жылғы көрсеткіштерге сай ТМҚП-нің шұғыл әрекет ету бригадасымен 192 шақырту болды, 202 зардап шегуші адамға медициналық көмек көрсетілді, 138 адам медициналық мекемеге жатқызылды, 305 адамға өздігінен қаралу бойынша көмек көрсетілді.
Бүгінгі таңда елімізде мыңдаған азаматтың өмірін сақтап қалу мақсатымен шұғыл медициналық көмек көрсету қызметі ұйымдастырылғандығын батылдықпен атап өтуге болады.
Медициналық қызметкер мамандығы тойлар мен демалыс күндерін білмейді және зор шыдамдылық, батылдық пен рухани сезімталдықты талап ететін мамандық болып табылады.
Төтенше жағдайларда медициналық – құтқарушылар жанашырлық пен жомарттылығын, жауапкершілік пен жоғары деңгейдегі кәсібилігін, сезімталдығы мен мейірімділігін танытып адамдарға көмекке келеді.
Медициналық қызметкерлердің ерен еңбегі - қоғамда үлкен құрметке ие, себебі олардың қолында баға жетпес байлық – адамның денсаулығы мен өмірі бар.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Апаттар медицинасы орталығы» Мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы бойынша филиалының қызметкерлері келе жатқан мейрам қарсаңында ҚР ІІМ ТЖК АМО-ның барлық қызметкерлерін медициналық қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларына амандық, ұзақ ғұмыр және жұмыстарына тек қана табыс пен сәттілік тілейді!
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ
Жамбыл облысы бойынша филиалы