25 cmk sob 1 1 маусым – Қазақстанда Халықаралық балалрды қорғау күні. Осы күні Есіл өзенінің жағалауында қаламыздың су қоймаларындағы жазатайым оқиғалардың алдын-алу мен ескерту мақсатында Астана қаласының Төтенше жағдайлар
Департаментінің ұйымдастыруымен «Біз судағы қауіпсіздік үшін» атты кең ауқымды акция өтті.
25 cmk sob 2 Осы шараны медициналық және психологиялық қамтамасыз ету Апаттар медицинасы орталығының медициналық қызметкерлері мен психологтарына жүктелді.
Қатысушылар медициналық қызметкерлер мен психологтардың бақылауымен «Біз судағы қауіпсіздік үшін» атты транспараттары мен плакаттарын, судағы қауіпсіздік ережесін сақтау туралы ескертпе парақшаларын алып Есіл өзенінің бойымен жүріп өтті.
25 cmk sob 3 Акцияға қатысатын мектеп оқушыларын бақылау және оларға психологиялық көмек көрсету психологтардың басты тапсырмасы болып саналды. Психологиялық жұмыстар барысныда мамандар мектеп оқушыларының бойына оң көзқарас, командалық рух және қауіпсіздік сезімдерін ұялатты.
25 cmk sob 4 Іс-шара барысында суға батқан адамды құтқаруға арналған ситуациялық жағдайлар көрсетілді: шынайы құтқарушылар мен сүңгуірлер суға батқан адамды алып шығып, ал медициналық қызметкерлер ол адамға алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін дұрыс жасауды үйретті.
25 cmk sob 5 Флешмоб аяқталған соң, қатысушылар мен белсенділік танытқандарға ұйымдастырушылар атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Соның ішінде Астана қаласы бойынша «АМО»ММ филиалының дәрігері Г.М. Шагирова марапатқа ие болды.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ