22 rally 1 Өткен аптада Қазақстан тұңғыш рет тарихта ралли-рейд бойынша Әлем Чемпионатының кезеңін өткізді. Жарыс Ақтау қаласына жақын Каспий теңізінің шығыс жағалауында басталып және сонда аяқталды. Жарысқа барлығы 21 экипаж қатысты, оның ішінде жартысы – тұрғылықты Қазақстанның азаматы болды.
22 rally 1 Арнайы алты кезең барысында жарысқа қатысушылар Батыс Қазақстанның шөл және жазық даласының, соның ішінде Каспий жағалауы бойының 1852 километрін бағындырды.
Маңғыстау облысының «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы қызметкерлері Әлем Чемпионатының 5-ші кезеңін медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырды.
22 rally 2 Жарысқа қатысатын спортшыларды қолдау және олардың жарысқа қатстыратын жарыс көліктерін көру үшін Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары көп мөлшерде жинақталған 15 ықшам ауданының жағажайында өткен жарыс кезеңінің ресми ашылу салтанаты мен жарыстың басты кезеңдерерін медициналық қызметкерлер қадағалап отырды.
«Мұнайшы» трассалық медицналық - құтқару пунктінің бригадасы жол бойындағы трассалық аумақты қамтамасыз етті.
Оқыс жағдайлар кездесті: Жаңаөзен маңындағы трасса аумағы тастар мен төмпешіктерге толы болуы, манғыстаулық құмдар да ауыр кедергілердің бірі болды – жарысқа қатысушылардың кейбіреуі ғана осы кедергілерді жеңе білді.
22 rally 3 Бірақ, бақытымызға орай, тек жарысқа қатысқан көліктер ғана зақымдалып, жарысқа қатысушылар мен көрермендер арасында зардап шеккендер болған жоқ.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ