2017 жылдың 25 мамырында сағат 12-ден 43 минут өткенде Апаттар медицинасы орталығы диспетчерлік пунктіне Астана қ. Б.Момышұлы
2 көшесіндегі Виктория тұрғын үй кешенінде ер азаматтың өзіне-өзі қол жұмсамақ болғандығы туралы қоңырау келіп түсті.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі филиалының шұғыл әрекет ету бригадасы мен психолог оқиға орнына шұғыл түрде шақыртуға барды.
Оқиға орнына келгенде келесідей ақпарат жиналды: 1986 жылы туылған ер азамат қаржы мәселесіне қатысты қиындықтарға байланысты 16-шы қабаттың балконынан секіремін деп және жұрттың көзінше сол қолының білегі мен алақанын кесіп, содан кейін тамағын кесемін деп қорқытты.
Психологпен сөйлесу барысында өзіне-өзі қол жұмсамақ болған адамның бойындағы теріс эмоциялар, стресстік реакция – абыржулар қысқа мерзімді терапия арқылы қалыпқа келтірілді.
Барлық уақытта психолгтің жағынан өзіне-өзі қол жұмсамақ болған адамға шұғыл психологиялық көмек көрсету мақсатында тыңдау элементі бойынша психологиялық тұрғыда сөйлесу жүргізілді. Өз ойындағын айту мен мәселемен бөлісу болды.
ҚР ІІМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы психологінің көмегінің арқасында Астана қаласының тұрғынының өзіне-өзі қол жұмсау қауіпінен арашалады.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ