Қауіп–қатердің алдын алу және дер кезінде құтқару, жоғарғы деңгейде медициналық және психологиялық көмек көрсету, қауіпсіз жерге жеткізу және мамандырылған клиникаға тасымалдау, әрқашанда дайын болу деген мақсат Алматы апат медицина қызметкерлеріне негізгі тұжырым екені айтпаса да белгілі. Міне кезекті бұйрық Апаттар медицинасы орталығының Алматы қаласы бойынша филиалына келіп түскен бойда шұғыл медициналык көмек көрсету бөлімі ұзақ іссапарға аттануға белгіленген мерзімінде дайын екенін баяндады. Құрамында 11 медицина кызметкері және қажетті медициналық құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер мен басқада бұйымдармен жабдықталған, тәуелсіз түрде медициналық көмек көрсете алатын, тасымалдауға арналған 2 КАМАЗ автокөлігі, 1 зардап шеккендерді тасымалдауға арналған ПАЗ маркалы автобусымен Астана қаласына қарай сапар шекті. Жоспар бойынша Астана қаласының су басу қаупі бар аудандарының тұрғындарына медициналық және психологиялық көмек көрсету болатын.
Алайда, іс жүзінде Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы мен іргелес орналасқан аудандарға су тасқынынан зардап шеккендерге шұғыл түрде медициналық және психологиялық жұмысы күтіп тұрды. Белгіленген аймаққа жеткен бойда Апат медицинасы 2 жылжымалы мобильді топқа бөлініп медициналық-құтқару жұмысына қызу кірісті. 1-ші мобильді жылжымалы топ: 2-дәрігер, 3-орта буын медицина кызметкері, 1- психолог, 2 санитар-жүргізушіден құрылған 11 зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетіп және тасымалдауға арналған КАМАЗ 43118 автокөлігімен Заречный кентіне бағыт алды. Шамадан тым жоғары көтеріліп кеткен су тасқынынан өтіп, жергілікті зардап шеккен кент тұрғындарына; 113 ересек және 7 балаға сапалы медициналық және 82 зардап шегушіге психологиялық көмек көрсетті. 2-ші мобильді жылжымалы топ құрамында: 1-дәрігер, 2-орта буын медицина қызметкері,1 жүргізуші- санитар қажетті дәрі-дәрмек және медициналық құралдармен жабдықталған КАМАЗ 43118 марка автокөлігімен Алматы Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушыларымен бірге, Хромзауыт ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетіп, құтқару жұмыстарын жүргізіп 11 жергілікті зардап шеккен тұрғынды қауіпті жерден тасымалдап, оның арасында 2 бала және 1 ауыр жағдайдағы мүгедекті жергілікті жедел жәрдем кызметкерлеріне жеткізуден бастады. Келесі жұмыстарын Хромзауыт, Тері зауыты және Большие Малышки ауылдарының зардап шеккен тұрғындары; 77 ересек, 2 балаға толыққанды медициналық көмек көрсетумен жалғастырды. Сонымен бірге дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері жергілікті зардап шеккен аудан тұрғындарына төтенше жағдайда қауіптің алдын алу, алғашқы медициналық көмек көрсету амалдарын, санитарлық және гигиена сақтау ережелерімен таныстыру жұмыстарын жүргізе білді. Апаттар медицинасы орталығының Алматы қаласы бойынша филиалының қызметкерлері өздерінің әрқашанда барлық төтенше жағдайларда медициналық, психологиялық және құтқару жұмыстарын жоғарғы деңгейде атқара алатынына кәміл сенуге болатынына көз жеткізді.
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ
Алматы қаласы бойынша филиалының
шұғыл медициналық көмек көрсету
бөлімінің басшысы Сыдыков Ж. К.