20 7 Maya prazdnik 1 Отан қорғаушылар күні Қазақстанда жыл сайын 7 мамырда аталып өтіліп; демалыс және мемлекеттік мереке болып саналады. Бұл күні 1992 жылы Казақстан Президенті ұлттық қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойды.
2017 жылғы 5 мамырда сағат 16.00-де «Жастар» Сарайы» МКҚК сарайында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы жеңіс 72 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
20 7 Maya prazdnik 2 Іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, ІІМ және ТЖК басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барасында ардагерлер мен қызметкерлерге ведомстволық наградалар табыс етілді.
Өзінің қызметтік міндетін үлгілі атқарғаны, Ақмола облысындағы қар құрсауында қалған зардап шегушілерді құтқаруда белсенді жұмыс көрсеткені үшін марапатталды:
- АМО-ның Астана қаласы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің дәрігері Белсеніс Ғ. ҚР ІІМ ТЖК төрағасының грамотасымен марапатталды;
- АМО-ның Астана қаласы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің фельдшері Ахметжанов С.Б. Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ ішкі істер Министрінен тыл бөлімінің бастығының орынбасары Қанатбек Аблайханға алғыс жарияланды.
Барлық әріптестерімізді мерекемен құттықтаймыз! Сәттілік тілейміз.
 
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ