19 CMK Atbasar 1 Қазіргі таңда республикамыздың Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында орын алған аса қауіпті су басу себебінен, төтенше жағдайлар қаупіне шұғыл әрекет ету мақсатында, аталған аумақтарға Апаттар медицинасы орталығы құрылымдары жөнелтілді. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласына «АМО» ММ Алматы қаласы бойынша филиалының 11 қызметкер мен 3 дана техникадан құралған отряды жөнелтілді. Олардың құрамында Орталықтың психолог маманы да бар.
19 CMK Atbasar 2 Апаттар медицинасының Астана қаласы бойынша филиалының 3 адамнан және 1 техникадан құралған шұғыл әрекет ету бригадасы Ақмола облысы Целиноград ауданы Жаңажол ауылына жіберілді.
19 CMK Atbasar 3 2017 жылғы 25 сәуір жұлдызының сағат 18.00 - ге берілген көрсеткіші бойынша медициналық көмекке жүгінгендер саны 17 адамды құрады. Оның ішінде 3-еуі балалар. 11 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 2-еуі баланы құрайды.
Сонымен қатар психолог маманымен шұғыл медициналық көмек 21 адамға көрсетілді.
Біздің қызметкерлер су басудан зардап шеккен тұрғындарға медициналық және психологиялық көмек көрсету жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.
 
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ