19 СCMK Atbasar 1 Бүгінгі таңда Ақмола облысының Атбасар кентінде Жабай өзенінің суы көтерілуі себебінен жергілікті тұрғындар зардап шегуде. Төтенше жағдай орын алған жерге Апаттар медицинасы орталығының 3 шұғыл әрекет ету бригадасы, дәлірек айтсақ, Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша филиалдары қызметкерлері жұмылдырылды. Сонымен қатар зардап шеккен тұрғындарға шұғыл психологиялық көмек көрсету мақсатында 2 психолог мамандары жөнелтілді.
19 СCMK Atbasar 2 Бір тәуліктік есеп бойынша барлығы 16 тұрғынға медициналық көмек көрсетілді, олардың қатарында 2 адам эвакуацияланды. Жергілікті тұрғындар қан қысымының көтерілуі мен жүйке ауруларының қозуына шағымданады.
19 СCMK Atbasar 3 Зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек пен дер уақытта хабар беруі үшін «Шұғыл желі» телефоны құрылып, барлығы 53 қоңырау қабылданды.
Апаттар медицинасы қызметкерлері ОАҚО-мен бірге аулаларды аралап шықты. Дәрігерлер көмекке жүгініп келген адамдарға қызмет көрсетуді жалғастыруда. Жоғары білікті мамандардан құрылған шұғыл медициналық бригадалар
қажетті дәрі-дәрмекпен, медициналық бұйымдармен қамтылған.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ