2017 жылғы 12 сәуір сағат 16:08 де Апаттар медицинасы орталығының Астана қаласы бойынша филиалының кезекші-диспетчерлік пунктіне қаладағы жатақханалардың бірі жанып жатқаны жайлы қоңырау түсті.
Психологтар тез арада шұғыл әрекет ету бригадасымен оқиға орнына шығу жасады.
Өрттен зардап шеккен 20 тұрғынға, оның ішінде 8 балаға білікті психологиялық көмек көрсетілді.
Зардап шеккен тұрғындардан агрессия, есіркеу және жылау жағдайлары байқалды. Олардың жағдайларын жақсарту мақсатында Апаттар медицинасы орталығы психологтары белсенді тыңдау әдісімен жұмыс жүргізді. Сонымен қатар дем алу жаттығулары жасалды.
Басыңыздан қиын жағдай өтіп, тығырыққа тіреліп, өз бетіңізден шыға алмайтыныңызды аңғарсаңыз, міндетті түрде Апаттар медицины орталығы білікті мамандарының көмегіне 25-94-83 нөміріне қоңырау шалу арқылы жүгініңіз.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ