CMK koktem2017 1 ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ құрылымдары 2017 жылғы 9-10 наурызда Басқару органдарының, Азаматтық қорғаныс жүйесінің күші мен құралын көктем мезгіліндегі су тасу салдарын жоюға дайындығын байқау мақсатында Республикалық командалық-штабтық «Көктем 2017» оқу-жаттығуына қатысты.
16 филиалдар және 40 трассалық медициналық-құтқару пункттерінің күштері мен құралдары функционалды міндеттерді орындау үшін дайындыққа келтірілді.
CMK koktem2017 2 Дайындық кезеңінде жеке құрамды дәрі-дәрмекпен, медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді, жеке құраммен көктемгі кезеңдегі су тасқыны даму жағдайында шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету және медициналық аппаратура мен құрал-жабдықтарды пайдалану ерекшеліктері бойынша нұсқаулық-әдістемелік және практикалық сабақтар жүргізілді, автотехниканың техникалық жай-күйі, жанар-жағармай қорлары тексерілді.
Филиалдардың алдына қойылған негізгі міндеттері:
- жеке құрамдарға уақытымен дер кезінде хабар беру;
- кезекші-диспетчерлік пунктерінің үйлестігін арттыру;
- су алу қолайсыз жағдайдың дамуы кезінде шартты түрде зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
- оқу-жаттығуды жүргізудің штаб басқармасымен, құтқару топтарымен және жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарымен, өзара қарым- қатынасты нақтылау.
"Көктем-2017" оқу – жаттығуға ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 16 филиалы жалпы саны 144 адам (138 адам медициналық қызметкерлері және 6 адам - психологтар) жеке құрамы және 48 техника жұмылдырылды.
Құралымдар көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша іс-әрекеттерге дайындығын көрсетті. Оқу-жаттығу мақсатына қойылған міндеттерге қол жеткізілді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ